«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекетті сатып алулар: кез келген мәселенің шешімі бар

2017 жылғы 24 Наурыз
- Қарағанды облысы
8759 просмотров

 Егер кәсіпкер жосықсыз өнім беруші тізіміне ілінсе, бұл атақ оның кәсіпкерлікпен қош айтысуына негіз болмау керек

Қарағандылық бірнеше кәсіпкер өткен жылы жосықсыз өнім беруші ретінде қара тізімге ілініп қалған. Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасына осы мәселемен 20 талап арыз түскен.  ӨКП директоры Мәдениет Божбановтың ойынша бұл мәселенің шешімі бар.  «Көп жағдайда кәсіпкер бұл тізімге шартты түрде ілініп кетеді. Мәселен, бізге түскен арыздың бәрі кәсіпкерлер үшін оң шешілді», – деп хабарлады  Е-Қарағанды онлайн кездесу барысында Мәдениет Божбанов.

«Мемлекеттік сатып алулар – бұл біздің барлық тауар өндірушілерін мазалайтын мәселе. Бұл өте қиын үдеріс, кәсіпкерлердің ылғи шатасатыны да содан. Бүгін мемлекеттік сатып алулар бойынша бірыңғай ережелер енгізу мүмкіндігі талқыланып жытыр. Әр кәсіпкер құқығы мен міндетін білуі үшін қолдан келетінін бәрін жасап отырмыз.  Мемлекеттік сатып алулар мен ұлттық және мемлекеттік компаниялардың тендерлеріне қатысам деуші кәсіпкерлерге арнап айына екі рет кеңес беру семинарларын өткіземіз», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры. 

Сонымен қатар әр тауар өндіруші тапсырыстар бойынша кедергілер орын алған жағдайда  Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары көмегіне жүгіне алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер