«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді экология туралы есеп тапсыруға міндеттеді

2017 жылғы 13 Сәуір
- Қарағанды облысы
12386 просмотров

Бизнесмендердің айтуынша, экология туралы есептің шығыны көп әрі ол бизнестен алшақтатады

Өткен жылдың шілде айында ҚР Экологиялық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес дәл заңды тұлғалармен бірдей қосымша міндеттер туындаған.

ҚР Энергетика министрінің 2016 жылы 21 маусымда шыққан №258 бұйрығымен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 14 ақпанда № 16-Ө бұйрығымен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау нәтижесі бойынша есепке қойылатын талапқа өзгертулер енгізілген. Оған сәйкес арнайы табиғатты пайдалануды жүзеге асырып отырған жеке және заңды тұлғалардың барлығы есеп тапсыру талап етіледі.

Енді жеке кәсіпкерлік пен жеке тұлғалар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын, өндірістік-экологиялық бағдарламаны орындау бойынша тоқсан сайынғы есеп  пен оған түсініктеме хабарламасын құрастыру керек. Мұнымен қоса, олар қауіпті қалдықтар бойынша есеп береді және олардың қолында қауіпті қалдықтар туралы паспорт болу керек және парниктік газға қатысты да есеп беретін болады. Кодексте қауіпті қалдықтарды жоюды іске асыратын мекемелермен келісімшарт жасау талап етіледі. Сонымен қатар, экология жайлы формаға салынған статистикалық есеп беруі шарт, онда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығын мен ауа үшін сататистикалық есеп көрсетілуі керек.

Кәсіпкерлердің айтуынша бұл талап мүлде ойға қонымсыз және бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Басқосу барысында Шахтинск кәсіпкерлері аталған өзгертулердің нәтижесінде туындайтын мәселелерді көтерді. Осы мәселеге қатысты өтінімдерін Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына да жолдаған.

Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің соңғы отырысының күн тәртібіндегі негізгі тақырып экологиялық бақылау бойынша статистикалық есеп мәселесі болды. Өңірлік кеңес мүшесі Сапар Ибкеевтің айтуынша, бұл талаптарды орындамаған жағдайда, кәсіпкерлерге қомақты сомада айыппұл салынады.

«Департамент өкілдері айтқандай, кәсіпкерлерде парниктік газ жоқ, бірақ есепте көрсетуге міндеттіміз. Түсінесіздер ме, бұл есепте сиырдың қанша жүргенінен бастап тезегінің көлемін өлшем, қаншалықты ізі қалғанына дейін өлшеп жазуымыз керек. Не болмаса, шопан пешке от жақса, ауаны ластаған болады, осыған қатысты есеп беру керек. Пешпен жылытып отырған үй иелері де есеп өткізулері керек. Экологиялық бақылау әзірге келген жоқ, бірақ бұл мәселе әлі шешілмеді. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасынан осы мәселені жедел шешуді сұраймын», – деді Шахтинск қаласы кәсіпкерлер палатасы қауымдастығының директоры Сапар Ибкеев.

«РЕН» ЖШС-ның басшысы Андей Витиктің пірінше, бұл процестің барлығында да пайдакүнемдік мүдде тұр.

«Қандай жағдай орын алғанын түсінесіз бе? Бұл жобаларды жасайтын фирмалар бар, жұмыстарын істеп, ақшаларын табады. Ал енді бұл іске мыңдаған кәсіпкерлерді тартып отыр. Олар бұл саладан хабары жоқ. Олар тігу, қию, жасау секілді нақты іспен айналысулары керек. Бірақ қағазбастылық процедураға кірістіріп отыр – ешқашан жасамаған есепті жасауға міндеттеп отыр. Есепті жасап отыруға олардың мұршалары да жоқ немесе біреулерге қандай да бір экологиялық жобалары жасау үшін ақша төлейтін болады. Бизнесіміз тоқырап қалмасын десек, мұның барлығын тоқтатқанымыз жөн», – деп шағымданды өңірлік кеңес мүшесі.

Шахтинскте өткен кездесуде кәсіпкер Дана Хамзина есеп дайындау қажеттілігі туралы көптеген хабарлама жолдағаннан кейін, өндірістік-экологиялық бақылау бағдарламасын жасайтын мекемеге 15 000 теңге төлеген.

Сонымен қатар, кәсіпкерде қоршаған ортаға қатысты эмиссияға жасалған жоба да бар екен. Бұл жобаны 30 000 теңгеге дайындатқан. Іскер әйелдің айтуынша, өндірістік-экологиялық бақылау бағдарламасы эмиссия жобасын толық қайталайды, себебі қалдық көлемі мен барлық есептер бірдей. 2016 жылдың IV тоқсаны үшін есеп тапсырған, алайда бұл есепті дайындау үшін тағы да 5000 теңге төлеген. Ал есепте бірнеше сан ғана көрсетілген.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Геннадий Жмуктың айтуынша, заңнамада қарастырылған өндірістік-экологиялық бақылау бағдарламасын дайындау мен оны орындау бойынша есеп беру талаптары айтарлықтай әкімшілік кедергі. Кәсіпкерлер палатасы облыс прокуратурасына шағым түсірді.

Өтінімде «Қоршаған ортаға IV санатты эмиссияға рұқсат алған кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіреді. ҚР «Прокуратура туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, прокуратура бизнеске қысым түсіруді азайту бойынша жүргізіп отырған жұмысын есепке ала отырып, Қоршаған ортаға IV санатты эмиссияға рұқсат алған кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік экологиялық бақылау қорытынысы бойынша есеп беру талабын алып тастауға ықпал етуін сұраймыз» деп көрсетілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер