«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда тексерулердің азайғанын талқылады

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Қарағанды облысы
4474 просмотров

Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс бойынша әкімшілік айыппұлдарды тексеру мәселесіне қатысты отырыс өтті

 Іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға әкімшілік кедергілерді азайту бойынша қол жеткен нәтижелер, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет сапасының жақсаруы, сонымен қатар заңды мүдделерге нұқсан келтіретін нақты жағдайларды шешу туралы ақпаратты хабарлап, түсіндірді.

 Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрлан Бекбосынов бақылау-қадағалау қызметті қайта реформалаудаға заңнамалық базаға енгізілген айтарлықтай өзгертулер жайында айтып берді. Сонымен қатар Нұрлан Бекбосынов жалпы және нақты салалар бойынша тексеруді азайтуды көздейтін шаралар жайында хабарлады.

 ӨКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Азамат Даненбаевтың айтуынша кәсіпкерлер қызметі процесінде Төтенше жағдайлар  және терроризмге қарсы қызметте талапқа сәйкес қарама-қайшылықтар бар. Яғни аталған қызметтер әдетте бір шешімге келе алмайды, салдарынан бизнеске ауыртпалық түседі. Бұған қоса, кәсіпкерлерге әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған.

Дөңгелек үстел қорытындысы нәтижесінде азаматтық қорғау органдары, жетекшілер мен кәсіпкерлер  арасында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара жұмыс жүргізілу керек деп шешілді.

 Төтенше жағдайлар басқармасы кәсіпкерлік объектілерінде өрт қауіпсіздігін сақтау және оларға тапсырылған нысандардың сақталуын қадағау қажет екенін ескерті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер