«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті талқыланды

2018 жылғы 16 Ақпан
- Қарағанды облысы
6737 просмотров

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың төрағалығымен отандық үлесті арттыру мәселесіне арналған жиыналыс өтті

Кездесуде облыстың өнеркәсіптік әлеуеті қаралып, жергілікті үлесті және ірі және ұсақ өндіріс арасындағы серіктестік бағдарламаларын дамыту стратегиясы талқыланды.

Жиналысқа облыстық басқармалар, қала және аудандардың әкімдіктері, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Nadloc» жергілікті үлесті дамытудың ұлттық агенттігі, тау-кен секторының жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіптің түрлі салаларындағы 150-деп астам кәсіпорын қатысты.

Жиында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдау, пост-тендерлік бақылау алгоритмі мәселесіне қатысты атқарылған жұмыстарды баяндады.

«2017 жылы ұсыныстарды әзірлеу үшін облыстық комиссия құрылды. Қазіргі таңда тендер алды бақылау, сондай-ақ жүйені жасайтын кәсіпорындармен өзара әрекет алгоритмі бойынша бюджет бағдармасы әкімшілігін тыңдаудамыз. Бизнеске арналған қажетті іс-шаралар жоспарын дайындадық», – деді жоспарлы жұмыстың маңыздылығын атаған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Жергілікті үлесті және өңіраралық кооперацияны дамыту аясында республикадағы ірі мұнай-газ компанияның бірі Норт Каспиан Оперейтинг Компани өкілдері келді, олар Атырау облысындағы Қашаған кен орын әзірлеушілер. Сонымен қатар, 50 тауар өндіруші өнімін таныстырған өңірлік кәсіпорындардың көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара аяқталған сәтте Қарағанды облысы әкімдігі, ««АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Жайрам тау-байыту комбинаты» АҚ арасында жергілікті үлесті дамыту бойынша 75,3 млрд теңге сомасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Анықтама:

2017 жылы Қарағанды облысы әкімінің 2017 жылы 28 шілде № 83 өкімімен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты ұсыныстарды дайындау үшін облыстық комиссия құрылды.  «Атамекен» ҰКП ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Комиссия жұмысының типтік регламенті жасалып, 2017 жылдың 31 тамызында бекітілді. Қазіргі уақытта тендер алды және пост-тендерлік бақылау жұмысының алгоритмі, тендер алды бақылау жөніндегі бағдарламасының бюджет әкішіліктерін тыңдау кестесі, сондай-ақ жүйе қалыптастырушы кәсіпорындармен өзара әрекет алгоритмі бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер