«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес өкілдері арасында жүргізілетін жыл сайынғы сауалнама басталады

2018 жылғы 03 Наурыз
- Қарағанды облысы
5152 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қарағанды облысындағы Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу және күрес орталығы шағын және орта бизнеске арнап «Бизнес жүргізуге ЖИТС инфекциясының әсері» тақырыбында таныстырылым өтті.

Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын алдын алу және күрес орталығының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде ЖИТС инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында, елде таралу пайызы төмен (0,2%).

«Салауатты ұлт – жарқын болашақтың кепілі. Мемлекеттің бәсекелік қабілеттігін арттыруға маңызды рөл атқарады. Сондықтан ЖИТС инфекциясының таралу жолдары туралы білім деңгейін арттыру, дұрыс ақпаратты меңгеру, бизнесті жүргізуге ЖИТС әсері жоқтығын түсінудің де мәні жоғары. Барлық деңгейдегі бизнес-құрылымда ЖИТС инфекциясымен өмір сүріп отырған басшыларға деген қатынасты төмендету керек», - деп атап өтті облыстық АИТВ орталығы профилактикалық бөлімінің жетекшісі Нағима Түлекбаева.

Биыл наурыз айында елімізде Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайын бизнес-құрылым арасында АИТВ бизнеске әсерін анықтауға арналатын сауалнама басталады. Қатысушылар қатарында – шағын, орта және ірі бизнес өкілдері бар.  Дүниежүзілік экономикалық форум сауалнамасының қорытындысы бойынша халықтың сауаттылық деңгейі мен Қазақстанда АИТВ туралы ақпараттың таралу деңгейі бағаланады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер