«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен келісім жасалды

2018 жылғы 23 Мамыр
- Қарағанды облысы
4679 просмотров

21 мамыр күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «ЭСКПО-2017» халықаралық көрмесі мұра нысандарының таныстырылымы өтті. Кездесу барысында туризм мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге және оқу орындары басшыларына «Нұр-Әлем»  шарының нысандары көрсетілді.

«Нұр Әлем» шары ашылғаннан бастап көрме кешеніне еліміздің түкпір-түкпірінен 13 мың оқушы және 3 мың студент келген. Қазақстан туризм қауымдастығы президенті, «Астана ЭКСПО-2017»  ҰК» АҚ кеңесшісі Роза Асанбаеваның айтуынша, халықаралық көрме аяқталған соң «Нұр Әлем» шарына оқушылар көп келеді.  

 «Бастапқыда Астана қаласының №81 гиназиясында физика, биология және басқа пәндер бойынша ашық сабақтарды өткізуді ұсынған болатынбыз. Бірінші сабақтан соң теориядан гөрі балалар көрме арқылы сабақты жақсы меңгеретініне көз жетті. Физикадан қашатын оқушылар пәнге қызығушылық таныта бастады. Енді мұнда ашық сабақтарды елорда мектептеріне ғана емес, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген оқушыларға да өткізеді», – деді Роза Асанбаева.

 «Нұр-Әлем» шары 8 қабаттан тұрады. Әр павильонда энергияның түрлі нысандары мен элементтері шоғырланған. Сонымен қатар көк майсасы мен ланшафтары жарасқан, Қазақстанның мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін ұлттық павильон да бар. Мәселен, екінші павильонда балалар су энергиясымен танысса, жетінші павильонда космос энергиясы көрсетілген. Роза Асанбаеваның айтуынша Астана оқушыларына шамамен 30 ашық сабақ өткізілді.

 «Бізге Қарағандыдан оқушылар келеді деп күтілуде. Айта кетелік, көрмеде экскурсия үш тілде жүреді. Сонымен қатар балаларды ертіп келген мұғалімдерге кіру тегін. Оқушыларға кіру құны – 500 теңге. Мұндай сома ата-аналар үшін ауыр емес деп санаймыз. Экскурсия өткізген мұғалімдерге «Kids Future Energy» алғыс хатын табыстаймыз», – деді кеңесші.

Таныстырылым аясында  Қарағанды  обылсы кәсіпкерлер палатасы мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер