«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында мемлекеттік органдар мен бизнестің ынтымақтастығы нығайған

2018 жылғы 11 Шілде
- Қарағанды облысы
5125 просмотров

Қарағанды облысы Абай ауданында «Мемлекет және бизнес – тиімді серіктестік» ұранымен кәсіпкерлердің мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесуі өтті.

Жиынға биыл ең көп қатысушы бас қосты. Жаңа алаң мен әлеуетті серіктестерлі іздеуде кәсібін енді бастаған ондаған азамат та қатысты.

Аудандық әкімдік пен Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткен кездесуде бизнес пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өзара байланыс орнату және кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

«Осындай кездесулердің маңыздылығын атап өте отырып, кәсіпкерлік қоғамдастық пен атқарушы билік аарасындағы диалог түйткілді мәселелерді шешуге көмектесіп, орын алған кедергілерді алады», – деп атап өтті Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов.

Кездесуде Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов баяндама жасап, Палата қызметіндегі басым бағыттар туралы түсіндіріп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқталды.

Абай ауданындағы бизнес-форум жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл шара көптеген кәсіпкерге байланыс орнатып, қолдау алу мүмкіндігін берді.

Кездесу аясында бизнес өкілдері Абай ауданында шығарылатын өнімдердің көрмесін жасады. Шағын көрмеге «Романенко В.А.» ЖК поливнилхлорид өнімдері, «Sherubai Komir» ЖШС көмір өндіруі, «Еңбек-Қарағанды» АМК макарон, сабын жиөаз бен мателл құрылымы өнімдері қойылды. Сонымен қатар «Деметра-2005» ЖШС, «Стежок» ЖШС, «Караганданеруд» АҚ, «TAS - 2006» ЖШС, ТЭМК» АҚ; «Ferrum» ЖК және т.б. компаниялардың өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов Абай ауданында кәсіпкерлік бастаманың әлеуеті зор екенін, бизнес пен билік арасындағы қарқынды жұмысты ерекше атап өтті.

«Бүгінгі көрмеге қатысушылар палатамен тығыз байланыста. Палатаның көмегімен бүгінде ауданда 2 оқу орталығы жұмыс істейді. Екі кәсіпорын да көрмеге қатысып отыр. «Стежок» ЖШС базасында 2015 жылдан бері маман дайындау орталығы жұмыс істейді. 2017 жылы «Волынка» ЖШС жанынан да оқу орталығы ашылды», – деді өңірлік палата басшысы.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін ауылдағы жастар кәсіпкерлігінің дамуына сертификат табысталды. Аудан әкімінің 300 мың теңгелік гранты берілді: Южный ауылының тұрғыны Әнел Талғатова тігін шеберханасын ашу үшін алды, ал Топар ауылының тұрғыны, «Бастау» жобасы екінші легінің бітірушісі Айя Янина – ағылшын тілі мектебін ашу үшін иеленді.

Анықтама үшін:

Абай ауданында кәсіпкерлікпен 5837 адам айналысады. Ауданда 2 оқу орталығы жұмыс істейді. 2018 жылдан «Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы басталды. 77 тұрғын білім алып, 45-сі бизнес жобасын қорғады. Жыл соңына дейін 60 адам білім алады деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер