«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қарағанды облысы құрылыс кластері» жұмысын жандандырды

2018 жылғы 27 Тамыз
- Қарағанды облысы
7049 просмотров

Қарағанды облысының құрылыс кластерінің қоғамдық таныстырылымы Қазақстан индустрияны дамыту институты сарапшылары, Қарағанды құрылыс салушылар қауымдастығының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.  

Таныстырылым аясында қатысушыларға қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстан индустрияны дамыту институты қызметкерлері сала кәсіпорындарымен бірге атқарған жұмыс қорытындысы көрсетіліп, Қарағанды облысы құрылыс кластерінің жұмыс жоспарының жобасы таныстырылды. Кластердің стратегиялық жұмыс топтарының кездесулерінің қорытындысы, жеке кездесулердің нәтижелері және жүргізілген талдау жұмыстары бойынша Қарағанды облысындағы Құрылыс кластері бойынша іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.

«Жоспар бірнеше бағыттан тұрады – бұл кластердің эко жүйесін дамыту және нарықтың жаңа сегменттеріне таргет жүргізу. Бірінші бағыт кластерлі ұйымды құру, ғылыми-зерттеу және сынама-конструкциялық жұмыстар қызметін ынталандыру, біліктілікті жоғарылату, жаңа серіктестіктерді құру, өткізудің жаңа арналарын дамыту. Екінші бағыт аясында кластерлік құрылыс компанияларына келесі әлеуетті тауашалар ұсынылды: энергиялық тиімді әрі ақылды технологиялар енгізумен қолайлы азаматтық және өнеркәсіптік объектілерді құру; ғимараттар мен нысандарды қайта жөндеу мен жаңғырту; жеке компаниялар қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер; интеграцияланған құрылыс шешімдер», – деді «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ өкілдері.

Жалпы қатысушылар кластердің барлық жобаларына оң баға берді, олар таныстырылған Жоспарға қатысты ұсыныстар мен ескертпелерін айтып, оны жүзеге асыру мен қаржыландыру мәселесі көтерілді.

 Екінші қоғамдық таныстырылым кластердің ағымдағы жай-күйін диагностикалау кезеңдерін және кластерлік стратегияны әзірлеуді қорытындылады. Екінші кезеңде 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылға дейін «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ командасы кластерге мемлекеттік қолдау шараларын қалыптастыруды және іске асыруды, Жобаның шарттарына сәйкес тиісті іс-шараларды және міндеттерді іске асыруды қолға алады.

 «Дүниежүзілік Банктың «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» кластерлі жобасы италиялық Informacion Y Desarrollo компаниясымен бірге жүзеге асырылып отыр, осылайша айналымды арттыру, сенімді әріптестер мен клиенттерді табуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ инновация дамуына әсер етеді. Өңірдің құрылыс саласында көшбасшы атануға зор әлеует бар және ішкі нарықтан халықаралық аренаға шығудың мүмкіндігі зор», – деді ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер