«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Электронды еңбек шарты жаппай енгізіледі

07 Ақпан 2019 - Қарағанды облысы
602 просмотров

Қарағанды облысында биыл 50 мыңнан астам электронды еңбек шартын жасау көзделген. Жергілікті билік кәсіпкерлерді еңбек шарттардың бірыңғай есеп жүйесіне белсенді атсалысуға шақырады

ӨКП алаңыда Қарағанды облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа жұмысшылармен электронды еңбек шартын рәсімдеуге қатысты Үкімет бастамасын қолдау бойынша өтініш білдірді.  

«Электронды еңбек шарттарын enbek.kz порталында тіркеу сервисі Қазақстанда 2018 жыл 1 қарашада іске қосылды. Былтыр Қарағанды облысы бойынша аталған жүйеге пилоттық режимде 198 жұмыс беруші-кәсіпорын тіркелу керек болатын», – деп хабарлады Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасы Еңбек қатынастары бөлімінің жетекшісі Айгүл Абдрахманова.

Тіркелу керек еді, алайда тіркелген жоқ. Қазіргі таңда тіркелу сервисін небәрі 20 кәсіпорын пайдаланып отыр. Оған негізгі себеп жұмысшылардың жаңашылдық туралы әлі де ақпараты аз. Дегенмен, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кадр цифрландыруда тиісті көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесуді сұрады.

 Биыл 1 қаңтардан бастап Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жүйеге 1266 кәсіпорынды қосуды жоспарлап отыр. Жұмыс берушілерге еңбек шарттардың жаңа форматын жаңа жұмысшыларға ғана қолдану ұсынылды. Болжам бойынша биыл 50 мыңнан астам электронды еңбек шарты рәсімделіп, тіркелетін болады.

Электронды форматқа өту қағаз нұсқаларын артта қалдырады.

 «Дәстүрлі электронды кітапшаныңқажеті болмайды енді. Электронды еңбек шарттарды енгізу былтырдан бастап жарияланып, кезең-кезеңмен іске қосылып жатыр», – деді Айгүл Абдрахманова.

Мемлекеттік органдардың пікірінше, бұл шара келешекте еңбек өтілін есептеуді жеңілдетеді. Сонымен қатар электронды еңбек шарттардың қағаз жүзіндегі нұсқалардан басты артықшылығы – деректер базасында жұмысшының бүкіл жұмыс жолы және  ЖСН, жұмыс орны, мамандығы, білімі туралы деректері қорғалады.

 Осы ретте жұмыс беруші порталда тіркелуі және электронды еңбек шартын жасау бойынша міндеттемелері ҚР Еңбек кодексінде әлі жазылмаған.

  «Бұл мәселе Парламент қарауында жатыр, кодекске сәйкес өзгертулер 2019 жыл наурызда енгізіледі деп жоспарланған, бірақ министрлік жұмыс берушілердің осы жүйеге тіркелуі бойынша нәтижелерді қазірден бастап талап етіп отыр», – деді Айгүл Абдрахманова.

Кәсіпкерлер болса, заң қабылданбай жатып, қызметкерлерді портал арқылы тіркеу қауіпті деп санайды. Оның үстіне қазір жауаптардан гөрі, сұрақтар көп. Мәселен, еңбек өтілі 10-30 жыл болған жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге электронды шартты қалай ашуға болады? Мемлекет қызметкерге оның жұмыс өтілі зейнетке шығарда жүйеде ақау шығып,  жоғалып кетпеуіне қандай кепілдік береді?

 Жұмыс берушілер сайттағы нұсқаулықтан гөрі, нормативті құжат әрекет ету механизмін дұрыс тануға мүмкіндік береді деген сенімде, өйткені негізгі ауыртпалық пен жауапкершілік кәсіпкердің міндетіне жатады.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер