«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Танымал маркетолог шеберлік сабағын өткізді

2019 жылғы 12 Ақпан
- Қарағанды облысы
6275 просмотров

Олег Ярославцев Маркетологтар клубының тыңдаушыларына арнап тренинг өткізді

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Маркетологтар клубының 10-кездесуінде маркетолог-практик, маркетингтік стратегияны құру бойынша сарапшы Олег Ярославцев дәріс берді. Сарапшы сату трендтері, заманауи маркетинг, еркін кәсіпкерлік және қызметтерді қалай қымбат сатуға болатыны туралы ақпарат берді.

«Бизнестегі басты сандар» шеберлік сабағында кәсіпкерлер маркетингтің шынайы мәнін білді.

 «Тартымсыз қаптама, өнімге жараспайтын атау, мақсатты аудиторияны танымау, маркетингтің принципері мен заңдарын елемеу жалпы алғанда кәсіпкерлер үшін шығын әкелетін жайттар», – деп санайды сарапшы.

Әр теориялық кейс практикалық жаттығулармен ұласты. Екі сағат интенсивті сабақ ішінде қатысушылар бренд деген не, оның мақсатты аудиториясы қандай, портфельді қалай оңтайландыруға болады, сонымен қатар бизнесті құрдымға апаратын қызмет және тауарлардан қалай бас тартуға болатыны жайында құнды ақпарат алды.

Спикердің айтуынша, егер бизнесменнің уақыты мен мүмкіндігі болса, онда ол ең кемінде маркетинг негіздерін үйренуі керек, осылайша өзінің тауар немесе қызметінің танылуына үлес қосады. Егер жақсы нәтиже тез арада керек болса, бұл жұмысты кәсіби мамандарға тапсырған дұрыс.

 Маркетологтар клубы танымал спикерлер, тәжірибелі практиктерді шақыру арқылы кездесулер, тренингтер, шеберлік сабақтарын тұрақты түрде ұйымдастырады.

 Маркетологтар клубы қолданыста бизнесі бар адамдарға; жеке кәсібін енді ашқысы келетін, бірақ неден бастарын білмейтін адамдарға; маркетинг саласында жұмыс істеушілер немесе сату, жеке тиімділік, PR-мен қызығушыларға бағыт-бағдар беру мақсатында құрылған.

 Маркетологтар клубына қатысу – тегін.  Кездесулер Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасында айына бір ре жүргізіледі.   Анықтама үшін телефон: +7 7172 50 40 55.

Маркетилогтар клубындағы кездесу эфиры мына сілтемеде:

https://www.facebook.com/100005352737035/videos/1003138463207902/


Еншілес ұйымдар

Серіктестер