«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Дарынды ана» табысты әйелдердің форумы өтті

29 Мамыр 2019 - Қарағанды облысы
254 просмотров

«Дарынды ана. Ана стиліндегі өмір» форумын жеті баланың анасы, «Алтын алқа» белгісінің иегері, Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Дарынды бала» балалар дамыту орталықтары желісінің құрылтайшысы Айнагүл Хамитова ұйымдастырды

 Форумға спикерлер ретінде Айгүл Хамитова, психология ғылымдарының докторы Айжан Изақова, «Шахтер» ФК балалар-жасөспірімдер футболының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья Сухорукова, Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Күлмағамбетова қатысты.

 Спикерлер балаларға дұрыс тәрбие беру, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру туралы әңгімеледі.

 Форум шеңберінде 1 миллион теңге көлемінде грантты алуға байқауды жариялады. Оған қатысу үшін 1 шілдеге дейін өтінімді жіберіп, 1 тамызға дейін Кәсіпкерлер палатасында «Бастау» жобасына қатысу керек. Ал 10 қыркүйекке дейін жеке бизнес-жоспарды қорғау керек.

 Сонымен қатар форум қатысушыларына «Дарынды ана» коворкинг орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл коворкинг «Дарынды бала» дамыту орталықтары базасында құрылды. Мұнда семинарлар мен тренингтер өтеді. Сонымен қатар бала күтуші қызметі ұсынылады, осылайша анаға жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Коворкинг орталығында көп балалы аналарға писхологиялық және консультациялық көмек көсретіледі.

Тұлғалық өсуге қатысты тренингке өңірден 380 қыз-келіншек қатысты.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер