«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі

Күлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы

Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


Күлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы - Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайым 

1972 жылы 31 мамырда Астана қаласында дүниеге келген   

1994 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін  «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған 

2014 жылы «Болашақ» Қарағанды университетінің магистратура бөлімін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының магистрі 

Қазіргі таңда Қырғызстан Халықаралық универистеті PhD  докторантура Жоғары мектебінде «Бизнесті басқару» бойынша білім алып жатыр 

1994-2008 жж. аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экономика факультеті «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының оқытушысы 

2010-2013 жылдар аралығында «BAURCAN» ЖШС қаржы директоры 

2010-2013 жылдары аралығында «Болашақ» Қарағанды университеті Экономика және информатика факультетінің оқытушысы 

2013-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімі бастығы қызметін атқарған   

2017 жылдан бастап «Z & Co» ЖШС бас директоры

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.

Кеңестің міндеті:

  • Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

  • Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • «Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;

  • Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу,  оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;

  • Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.


 

Серіктестер