«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеңіл өнеркәсібінің көрме-форумы: қатысуға шақырамыз!

2019 жылғы 14 Тамыз
5861 просмотров

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласындағы ауқымды іс-шараның куәсі болуға шақырамыз!

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «ALTYN OIMAQ» қазақстандық жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарының республикалық форумы мен көрмесі өтеді. Бұл аталмыш саланың сондай-ақ ілеспе бизнестің барлық өкілдері үшін ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздеу үшін ашық алаң. Іс-шараны Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе ұйымдастырады.

Форумға мемлекеттік органдар мен ірі отандық өндіріс өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысады. Егер Сіз көрме мен форумға тіркелеген қатысушы болсаңыз, онда сізді еуропалық және қазақстандық кәсіпқой мамандардың тегін семинарлары мен шеберлік сағаттары күтеді. Сіздер үшін B2B кездесулер аймағы сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген несие беру, өндіріс үшін құрастыру бағдарламалары, авторлық құқық, сән үрдістері, сән – бизнес ретінде және басқа да өзекті бағыттар бойынша кездесулер мен консультациялар жұмыс істейтін болады.

Тек қана форум аясында Қазақстанның ең ірі фабрикалары мен табысты брендтерінің тарихымен және олардың жетістікке жету жолдарын біле аласыздар.

Көрмеге және форумға шақырылған қонақтар:

  • жеңіл өнеркәсіп және ілеспе бизнес кәсіпорындары;
  • мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар – сатып алушылар;
  • сауда желілері, жеңіл өнеркәсіп өнімдері дилерлері;
  • интернет-дүкендер, құрастыру бойынша IT-компаниялар;
  • авторлық құқық жөніндегі мамандар және дизайнерлер;
  • іскерлік серіктестік үшін қонақ үйлер мен мейрамханалар;
  • қолөнершілер.

Арнайы сатып алушылар мен іс-шара қонақтары үшін сыйлықтар ұтыс ойнатылады және қазақстандық дизайнерлер сән көрсетелімі өтеді.

Көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен отандық өндірушілердің өнімдері қойылады. Көрме қонақтары ұсынылған тауарларды өндірушінің бағасы бойынша арзан бағаға сатып ала алады.

Сіз көрмеден сатып ала аласыз:

  • Үйге арналған тауарлар (дастархандар, төсек-орын, сүлгілер, перделер);
  • киім-кешек, бас киімдер, шұлықтар;
  • мектеп формасы;
  •  аксессуарлар;
  • қолөнершілердің авторлық жұмыстары;
  • аяқ киім, белдіктер, сөмкелер.

Көрмеге қатысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: http://formdesigner.ru/form/view/108374

Көрмеге қатысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: http://formdesigner.ru/form/view/108555


Еншілес ұйымдар

Серіктестер