«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға жер телімдерін жалға алу шарттары жеңілдетілді

2019 жылғы 14 Тамыз
8701 просмотров

«Атамекен» ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін жалға алу ережелерінен банк кепілдігінің алынып тасталуына қол жеткізді

2019 жыл 20 қаңтарда күшіне енген норманың салдарынан бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген кәсіпкер шаруа немесе фермерлік қожалықпен айналысуға жер ала алмай келген.  Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, байқауларды жүргізу ережелеріне мынадай талаптар енген: кәсіпкер бизнес-жоспармен қоса әкімдікке банк кепілдігін немесе несие комитетінің тартылған инвестициялар көлемін растау туралы оң шешімін беруге міндеттелді.

 Бастапқыда, Ережелер жобасы «Атамекен» мақұлдауына келіп түскенде онда кепілдіктер туралы ешқандай норма болмаған, сондықтан жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастықтың оң шешімін алды. Сондай-ақ, аталған норма «Ашық НҚА» порталында да көрсетілмеген. Дегенмен, Ержелер өзгерістермен күшіне енген. Әзірлеушілердің бұл әрекеті түсініксіз, өйткені, Жер кодексіне сәйкес қарыз алушы өзінің міндеттерін бизнес-жоспарда көрсетеді.

 Нәтижиесінде банктер кәсіпкерлерге кепілдік беруден жаппай бас тарта бастады. Жыл басынан «Атамекен» қызметкерлері осындай 300-дан астам жағдайды тіркеді. Олардың әрқайсысы факті бойынша қолдан жасалған кедергі болып отыр.

 «Кәсіпкер банкке жүгінді, ал банк: қандай кепілдендірілген жағдайлар бар, кепілдік қандай мерзімге керек, сонымен қатар фермер қандай кепілдендірілген міндеттемелерді қамтамасыз ете алады деп сұрайды. Кәсіпкерлер жауаптарды әкімдіктерден сұрады, бірақ жауаптар табылмады. Нәтижесінде жер алып, дамуды жоспарлаған бизнес өкілдері мұны жүзеге асыра алмады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені департаментінің директоры Ербол Есенеев.

 Ақпан айында кәсіпкерлердің алғашқы өтінімдерінен кейін, «Атамекен» жаңа норманың мақсаттылығына қатысты әзірлеушілердің позициясын сұратқан болатын, алайда негізді жауап болған жоқ. Сәуір айында ҰКП мәселені шешу үшін тікелей ҚР Үкіметіне өтінім жасады. Осыдан кейін Ережелерді қайта қарау туралы шешім қабылданды. Осылайша, 12 тамызда банк кепілдігі туралы талаптар алынып тасталды, бұл өзгерістер ресми жариялымнан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді.

 Бұл «Атамекен» биыл шаруалар үшін шешкен жалғыз жүйелі проблема емес. АӨК саласында жер телімлерін бөлу байқау арқылы жүргізіледі. Алайда байқауларды өткізу кезеңділігі не Ережелерде, не Жер кодексінде көрсетілмеген.

 «Бизнес-жоспар, қаржы сынды қолында барлық ресурстары бар, дамуға, кәсіп ашуға, оны кеңейтуге дайын кәсіпкер бірнеше ай бойы байқаудың өтуін күтуге мәжбүр болған. Шаруа бос жер телімдердің бары туралы білмеді. Алайда, мәселен, Қызылорда облысында жыл басынан маусым айына дейін байқаулар тіптен жүргізілмеді, бос жерлер тізбесі құрылмады. Осындай заңнамалық олқылық бізден көмек сұраған кәсіпкерлерге кедергі болып отыр», – деді Ербол Есенеев.

 Нәтижесінде, «Атамекен» Байқауларды жүргізу ережелеріне арнайы норманы енгізуді талап етті, оған сәйкес жер телімдерінің тізбесі жыл басында және ары қарай – бос жер учаскілері болса, жылына ең кемі екі рет құрылады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер