«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» білім беру деңгейі нашар жоғары оқу орындарынан лицензияларын қайтарып алуды ұсынды

2019 жылғы 22 Тамыз
6491 просмотров

20 тамызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы  барысында Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді

Атап айтқанда, Елбасы көптеген жоғары оқу орындары студенттерді емтихандарды сатып алуға және жатақханада орын үшін пара беруге мәжбүрлейтін айтты.

«Атамекен» өткен жылдан беру тиімсіз білім беру бағдарламалары, біліксіз мамандар, сонымен қатар түлектердің жұмыспен қамтылуының төмен үлесін көтеріп келеді. 2018 жылы Ұлттық палата жоғары оқу орындарының рейтингін таныстырды, онда 109 оқу орнының 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасы  бағаланды.

 «Жыл сайын жоғары оқу орындары 85-100 мың жас маманды шығарады, соның ішінде шамамен 35-40 мың түлек жұмыссыздар қатарын толықтырады. Мұның бәрі тиімсіз білім беру бағдарламалары, оқытушылық-профессорлық құрамның практикалық тәжірибесінің төмендігінің салдары. Көптеген оқу орындары білім беру бағдарламаларын ондаған жылдар бойы жаңартпайды. Жоғары оқу орындары тарапынан осындай олқылықтардың барлығы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне нұқсан әкеледі», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 «Атамекенмен» әзірлеген жоғары білім аутсайдерлерінің тізіміне Шымкент Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті түсті. Естеріңізге салсақ, 5-15 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған университетке жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жоғары оқу орындарына қойылатын 78 талаптың ішінен Шымкент Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті 63 талапты орындамай отырғаны анықталды.

 Рейтингке сәйкес, Шымкент Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті 2018 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» бағдарламасы бойынша 1077 түлекті оқытып, шығарған, соның ішінде 1046 түлек оқуды кешкі бөлімнен аяқтаған.

  «Бұл бүкіл Қазақстан бойынша түлектердің 27%-ы. Тура осындай ситуация педагогика, дене тәрбиесі және спорт, заң кафедрасының студенттерімен орын алған. Аталған жоғары оқу орындағы 36 мамандық ішінен 5-і ғана тиісті аккредиттеуден өткен. Рейтингті жүргізі процесінде басым мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші – 60%-дан төмен екені анықталды. Мұндай білім ордалары көп. «Атамекен» олқылықтары басым жоғары оқу орындарының тізімін профильді министрлікке ресми түрде жолдаған. Бұған қоса біз министрлікпен бірлесіп, проблемалы жоғары оқу орындары бойынша мәселелерді шешу үшін жұмыс тобын құруға дайынбыз. Отандық жоғары оқу орындарына сенімділік артпайынша, біз мамандарға деген тапшылықты сезініп, үздік мектеп оқушылары көрші елдерге оқуға кеткенін қарап отырамыз», – деді Олжас Ордабаев.

  Естеріңізге салсақ, жоғары оқу орындары рейтингін жүргізуде 8800-ден астам түлек сауалнамаға қатысты. Соның ішінде қазіргі таңда 5621 адам жұмыс істейді. Осы ретте, егер әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнесте еңбекпен қамтылу көрсеткіші 40,24%-ды құраса, ауыл шаруашылығы ғылымдарында мамандығы бойынша емес жұмысқа орналасқандар саны – 51,06%-ға тең. Бизнеске жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандық түлектердің 27%-ы ғана жұмыс берушілердің көңілінен шыққан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер