«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утилизациялық алымды алып тастауды ұсынды

2020 жылғы 14 Шілде
5139 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді

 2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда өндірушілердің (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласында өкілетті орган бекіткен тізілімге енген өнімге қатысты қалдықтарды утилизациялау бойынша кеңейтілген міндеттемелері қағидаты қолданылады.

 Егер кәсіпорын өндірісінде қалдықтарды өңдеу әлеуеті болмаса өндірушілер (импорттаушылар) Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) жөніндегі операторға утилизациялық алымды төлеуге міндеттеледі.

 Бастапқыда Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері автокөлік құралдары және оның қосалқы бөлшектеріне (шиналар, аккумуляторлар, майлар және т.б.), ары қарай өнім түрлері үнемі толықтырылып тұрды (қаптама, кабель және т.б.)

Ал 2019 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚР Экология министрлігі №95 бұйрығымен отандық жинақтамадағы ауыл шаурашылығы техникасына ӨКМ утилизациялық алымын енгізді.

 Осыған дейін ауыл шаруашылығы техникасының шыққан түбіне қарамастан барлық түріне утилизациялық алымды енгізу мақсаттылыған қатысты қызу талқылар, соның ішінде ҰКП алаңында пікірталастар өтті.

 Талқылаулар нәтижесі бойынша Тікелей шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар кешенді жоспарында көрсетілген ауылшаруашылық техникаларына, атап айтқанда  CLAAS, Lemken (Германия), John Deere, AGCO, Case New Holland, Green Plain (АҚШ), Codaf SRL, Same Dezz Fahru et al модельдеріне қалдықтарды жинауды енгізбеу туралы келісімге қол жеткізілді  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 570 қаулысы).

 Демек, утилизациялық алым Қазақстанда өндірілетін және Кешенді жоспарда белгіленбеген ауыл шаруашылғы техникасына салынатын болды.

 Алайда осы жылдың ақпан айында РФ бастамасымен ЕЭК-ке Қазақстанда ауылшаруашылық техникасының шыққан еліне қарамастан, қалдықтарды жинау үшін тең жағдай жасау және осы мәселені ЕЭК Кеңесіне енгізу қажеттілігі туралы хат жіберілді.

Өз кезегінде ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық интеграция жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҰКП өкілдері ЕЭК Кеңесіне ұсынылған мәселеге ЕЭК № 695 бұйрығының нормаларында шынымен де ЕАЭО ішкі нарығына кедергі немесе кедергі белгілері бар екендігі туралы қорытынды болмағандықтан, қарсылық білдірді.

 Алайда аталған мәселе ЕЭК кеңесіне шығарылып, Қазақстан ішкі нарығында «кедергілерді» алып тастауы туралы шешім қабылданды.

 ҚР Экология министрлігі осы шешімді іске асыру үшін ҰКП-ға «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері болып табылатын өнімдердің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» импортталатын ауылшаруашылық техникасын утилизациялық төлемдерден босатуға қатысты өзгерістер туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйырығының жобасы сарапшылық қорытындыға жіберілді.

 ҰКП қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуге теріс қорытынды берді.

 Өкінішке қарай ҰКП-ның теріс қорытындысына қарамастан ҚР Экология министрлігі Бұйрыққа өзгерістер енгізіп, импортты техникаға утилизациялық алымды енгізді.

Оған байланысты шаруалар жоғары тиімді шетел техникасына (Jonn Deer, Claas және басқасы) утилизациялық алым төлеуге мәжбүр болды, енді оның құны 10%-ға дейін артып түседі.

 Мысалға New Holland 410 комбайны орта есеппен 16%-ға қымбаттап, 77 млн теңгені құрайды, John Deere W550 комбайны 12%-ға қымбаттап, 105 млн теңгеге сатылатын болады.

Қазіргі кезед отандық шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын ажңартуға өет мұқтаж, ескі техниканың паркі 80%-ға тозған.

 Ситуацияны курс валютасының құбылуы қиындатуда, соның салдарынан ауыл аруашылығына бағалар шығу түбіне қарамастан қымбаттап жатыр.

 Биылдың өзінде ауыл шаруашылғы техникасы 10-15 пайызға қымбаттап кеткен.

Мысалға Есіл-760 комбайны соңғы 5 жылда 23 млн теңгеден 60 мон теңгеге немесе 252%-ға өскен.

 ҰКП утилизациялық алымның енгізілуіде бағаға әсер еткенін алға таруда.

 Жыл сайын орташа есеппен қазақстандық фермерлер 2 700 трактор сатып алады, соның ішінде 1 900 данасы (70%) импорт, 1 050 комбайн, соның ішінде 630 (60 %) – импорт.  

Жыл басынан Қазақстанда 3 551 импорттық трактор тіркелген, соның ішінде 1 276 трактор John Deere маркалы, 1 101 трактор Buhler Versatile (Канада) маркалы, 467 трактор Case New Holland макарлы және басқа, сонымен қатар 4 603 импорттық комбайн, соның ішінде 2 311 – John Deere маркалы, 1 322 комбайн – CLAAS, 387 комбайн Case New Holland маркалы.

 Осылайша Қазақстанда John Deere маркалы 3 876 дана тарктор, комбайн және егу кешені жұмыс істейді.  Импорттық ауыл шурашылығы техникасы сапалы. Сәйкесінше қымбат келеді.

 Елде отандық машина жасау саласын дамыту қажеттігі сөзсіз, осы маркалардың сервис орталықтарын, өндірісті жергіліктендіру қажет.

 Бірақ біз елдегі және әлемдегі қазіргі, өте қиын жағдай әлемдік компаниялардың инвестициялық қызметіне өз түзетулерін енгізіп жатқанын мойындауымыз керек және жақын арада бұл компаниялар біздің елде өндірісті жандандырмауы мүмкін.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алымды алып тастау немесе көлемін қысқарту қажет деп санаймыз.

Отандық шаруаны бүгін қолдамасақ, ертең шетелдік фермерді қолдайтын боламыз.  

 Шаруаларға түсетін ауыртпалықты төмендету мақсатында «Атамекен» ҰКП келесі шешімдерді ұсынады:

 «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері болып табылатын өнімдердің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйырығы шеңберінде ауыл шаруашылғы техникасына утилизациялық алымға бірнеше жылға мораторий жариялау;

немесе:  

ҚР Энергетика министрінің «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, пайдалануды және (немесе) көмуді ұйымдастырғаны үшін алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығы шеңберінде әлемдік тәжірибеге сәйкес ауылшаруашылық техникалары үшін базалық ставка мен пайдалану ақысының коэффициенттерін айтарлықтай төмендетуге қайта қарау.

  ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев шаруалардан аталған мәселеге қатысты өз ұсынсатырн беруге шақырады. Қазіргі таңда Ұлттық палата өзінің ресми позщиициясын дайындап жатыр. Шаруалар ұсыныстары ескеріледі, ҰКП ауыл шаруашылғы өндірушілерінің мүддесін Үкіметте қорғайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер