«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

#3жаңаәдет жалпыұлттық челленджі кәсіпкерлердің белсенді қолдауына ие болды

2020 жылғы 30 Шілде
4815 просмотров

#3жаңаәдет челленджі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен  халық және бизнес өкілдерінің арасында санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттау мақсатында шілде айының ортасында қолға алынды.

Челленджге белгілі спортшылар, журналистер, блогерлер мен шоу-бизнес өкілдері қолдау көрсетті, олардың қатарында Серік Сапиев, Қымбат Досжан, Ғалым Байтұқ, Қайрат Әділгерей, саясаткер Ерлан Сайыров, сондай-ақ кәсіпкерлер мен Палата қызметкерлері бар.  

Кәсіпкерлер аталған әлеуметтік марафонға қатысып қана қоймай, сондай-ақ өз ресурстарын қолданып жатыр.

23 шілдеде солтүстік өңірдің дүкен сөрелерінде азаматтарды маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуып тұруға шақыратын стикер жапсырылған жұмыртқа қораптары пайда болды.

#3жаңаәдет жалпыұлттық челленджін «Фирма Алекри» ЖШС фабрикасы қолдады. Ақпараттық жапсырмалары бар өнім «Семейный» супермаркеттері желісінде сатылымға шықты.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұловтың айтуынша, пандемия жағдайында профилактиканың мұндай шаралары әр адамның өмірлік нормасына айналуы тиіс:

«Бүгінде бизнес пен қоғам қиын жағдайға қалғаны белгілі, осы жағдайдан барынша тез шығып, қалыпты өмірге оралуымыз сіз бен бізге байланысты. Осыған орай солтүстік қазақстандықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын. Біріншіден, әрине, қоғамдық жерлерде маска кию, әлеуметтік қашықтықты ұстану және қолды жиі жуып жүруге шақырамыз».

«Алекри» құс фабрикасы – Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, сондай-ақ басқа өңірлер мен көрші елдерге сапалы өнім жеткізетін жұмыртқа өндіруші ірі компания. Жыл сайын кәсіпорын 150 млн дана жұмыртқа  және 300 тонна құс етін шығарады.

«Біз қашанда салауатты өмір салтын қолдаймыз. Ал қазіргі жағдайда денсаулығымыз, бүкіл адамзат саулығы, демек экономиканың дамуы мәселесі бірінші кезекте тұрған шақта мұндай профилактикалық шаралар ешқашан артық болмайды. Осы әдеттер бойға неғұрлым тез сіңсе, қалыпты өмірге соғұрлым тез ораламыз. Сондықтан барша адамды қоғамдық орындарда маска кию, екі метрдей ара қашықтық сақтау, қолды сабынмен жуып тұру сынды қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамын. Сонымен қатар әріптестерімді, кәсіпкерлерді осы акцияға атсалысуға шақырамын», – дейді «Фирма Алекри» ЖШС директоры Александр Прядко.

Осы үндеуде кәсіпкерге «Семейный» супермаркеттер желісінің өкілдері қолдау білдіріп, сыртында үндей жапсырмалары бар жұмыртқа қаптамалары супермаркет сөрелеріне қойылды.

Мұндай стикерлер Батыс Қазақстан облысында «Алтындар» супермаркетінде отандық өндірушілер өнімдері қаптамаларында да пайда болды. «Атамекен» ҰКП бастамасын «Белес» агрохолдингі, «Теректі май комбинаты» ЖШС,  «Нұржанар» АҚ және «Родник» фирмасы қолдады.

«Қалыпты өмір тіршілігіне тез оралғымыз келеді. Бәрі өз қолымызда, көп нәрсе өзімізге байланысты. Батысқазақстандықтарды санитарлық нормаларды ұстануға үндейміз. Жеке гигиенаның қағидаларын елемеуге болмайды. Осы жаңа үш әдет өмірдің салтына айналсын», – деп атап өтті БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов.

#3жаңаәдет жалпыұлттық челленджі халық және бизнес арасында санитарлық нормаларды насихаттауға бағытталған. Қазіргі таңда пандемия жағдайында үш қарапайым әдетті сақтау аса маңызды.

  • Бірінші – әлеуметтік қашықтықты сақтау.
  • Екінші – маска және қолғап кию.
  • Үшінші – қолды жиі жуып, антисептикпен зарарсыздандыру.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді #3жаңаәдет жалпыұлттық челленджге атсалысуға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер