«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» дәріханалар және дистрибьютерлерге COVID-19 індетіне қарсы дәрілік заттар базасына деректер енгізу бойынша оқу өткізді

2020 жылғы 30 Қараша
4286 просмотров

ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП қоймалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қалдықтарын бақылау бойынша цифрлық шешімдерді әзірледі

 Ұлттық палатада COVID-19 індетін емдеу үшін халық арасында анағұрлым сұранысқа ие дәрілік заттарға мониторинг жүргізу жүйесі жұмысымен танысу және базаға деректерді енгізуді оқыту жүргізілді

 Онлайн жиналысқа барлық өңірлерден 300-ден астам адам қатысты, олардың қатарында дәріханалық ұйымдар, дистрибьютерлер, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, «СК-Фармация» ЖШС, ІТ-компаниялардың өкілдері болды.

Әзірлеушілер  ағымдағы жағдайда дистрибьюторлер және дәріханалардан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қол жетімділігі мен бағасы туралы мәліметтерді ұсынуға құлықсыз екенін атап өтті. Мұндай жайт  процеске қатысушылардан мәліметтер базасын толтыру жөніндегі міндетті талаптың болмауына байланысты орын алып отыр.

«20 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктерге, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне, салалық қауымдастықтарға дәріханалар мен дистрибьюторларды агрегаторларға қосу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қол жетімділігіне, саны мен бағасына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету туралы өтінішпен хаттар жолдады», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

 Дәрілік заттардың деректер базасын құру арқылы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдар дәріханалық ұйымдарға сұратым жасамай-ақ, дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен бағаларын өз бетінше бақылай алатын болады, ал осы ақпаратты интернет-ресурстарға («MedElement», «I-teka», «Damumed», «inDrug», «Sanasoft co», «Медпортал 103» жіне т.б.) 
жариялау арқылы халық дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен бағасы туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер