«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске арналған қосымша ниша: Атырауда кәсіпкерлерге әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу ұсынылды

2021 жылғы 15 Қазан
- Атырау облысы
11031 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері әлеуметтік қызметтер порталының бизнес және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін артықшылықтары туралы ақпарат берді.

 Әлеуметтік қызметтер порталы осы жылдың басынан іске қосылған. Бұл автоматтандырылған жүйе мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. Бұрын бұл процесті құзыретті орган іске асырған. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар портал арқылы өздерінің талап-тілектерін ескере отырып, тауарға немесе қызметке тапсырыс бере алады. Сарапшылар ТМД-да порталдың баламасы жоқ екенін атап өтті.

 «Қазіргі кезде облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар www.aleumet.egov.kz порталының қызметтерін белсенді қолданып, ол арқылы оңалтуға қажет барлық құралды сатып алып жатыр. Портал арқылы сатып алудың алгоритмі мынадай: мүгедектігі бар адамдар порталға өз бетінше кіріп, тіркелген жеткізушілер ұсынған тауарды немесе көрсетілетін қызметті таңдайды. Сатып алу үшін оларға тек электрондық цифрлық мөр қажет. Сондай-ақ тауарды жеткізу немесе өздігінен алып кету қарастырылған. Мемлекеттік органдардың қатысуы тек қаржы қаражатын аударумен ғана шектеледі. Мемлекет түрлі тауар санатына сомаларды белгілейді. Егер  тауар құны лимиттен асып кетсе, осы айырмашылықты тапсырыс беруші өзі төлеуі тиіс», – деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлегариева айтып берді.

 Оның айтуынша, өкінішке қарай, әлеуметтік порталға әлі берде бір атыраулық кәсіпкер тіркелмеген. Бұл бизнеске арналған қосымша ниша. Мамандар порталға тіркелуге көмектесуге дайын. Жеткізушіге тауар немесе қызметке сертфикат беру талап етіледі.  

 «Кәсіпкерлердің хабардарлығының төмендігі, өңірде қажетті құрал-жабдықтарды өндірушілердің болмауы себепті орын алуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін біз кәсіпкерлермен тұрақты түрде түсіндіру кездесулерін өткіземіз. Порталда жұмыс істеуге мүдделі бизнес субъектілері толық ақпарат алу үшін басқармаға жүгіне алады», – деп атап өтті Альфия Төлегариева.

 Дөңгелек үстел жұмысына бейне байланыс арқылы өңірлік палатаның аудандық филиалдарының директорлары қатысты. Барлық ақпарат ауыл кәсіпкерлеріне жеткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер