astana-view

Департаменттер

Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаменті

Тоғызбаева Айдана Кеңбайқызы

Басқарушы директор - департамент директоры

8 (7172) 91-93-46
a.togizbayeva@atameken.kz

Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаменті – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі. Департамент жұмысы басқарма төрғасының орынбасарына бағынады. Департаменттің миссиясы – әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП-ның позициясын ілгерілету.

Жұмыстағы негізгі бағыттар: 

  • Еңбек қатынастары мәселелері;
  • Қауіпсіз жұмыс орындарын құру және еңбек қатынастарының теңгеріміне қолжеткізуге жәрдемдесу;
  • Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері;
  • Еңбек көші-қоны және халықаралық көші-қон ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелері;
  • Халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қайырымдылықты жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту саясатының мәселелері;
  • Гендерлік саясат, дін және этносаралық қатынастар мәселелері;
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері,
  • Тіл саясаты мәселелері;
  • мамандарға қажеттілікті талдау;
  • Қысқа мерзімді оқытуды іске асыратын білім беру ұйымдарының тізілімін қалыптастыру;
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығын іске асыру;
  • Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары және «Кәсіпке бағыт» бағыттары бойынша «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралын іске асыру;
  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бағытталған бастамаларын іске асыру («Ұлы Дала Елі» ортақ брендін иелену құқығына байқау, «Ұлы Дала Елі» форумы, «Іскерлік жетілдіру» халықаралық сыйлығы, «Іскер» арнайы сыйлығы және т. б.);
  • «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің жобаларын сүйемелдеу және өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу;
  • Әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілету және дамыту мақсатында халықаралық ұйымдар және даму институттарымен ынтымақтастық;
  • Заң шығару жұмысы және НҚА сараптамасы.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер