МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС
«Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингіне қатысады («мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы заңының 28-бабына сәйкес).
Кеңес 2018 жылдан бастап жұмыс істейді және МЖӘ механизмдерін қолдану салалары мен секторларын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, әкімшілік кедергілерді жою мақсатында заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және жобаларды іске асырудың табысты практикасын тарату бойынша пікір алмасу және ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
Кеңес төрағасы – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ДЕГЕН НЕ?
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) – мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығының ұзақ мерзімді формасы
МЖӘ – тиісті шарттарда айқындалатын тәуекелдер, табыс пен шығындар, құқық пен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарында мемлекеттің жауапкершілігіне жататын салаларда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығы.
МЖӘ мақсаты: қоғамдық игіліктер мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту.
МЖӘ міндеттері:
- мемлекеттік активтерді басқаруға жеке секторды тарту
- бюджетке түсетін жүктемені азайту
- инвестицияларды тарту
- мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының модельдерін кеңейту
«Мемлекеттік-жекменшік әріптестік туралы ҚР заңы