Жергілікті қамту
ЖЕРГІЛІКТІ МАЗМҰНҒА БАҒА БЕРУ КОМИССИЯСЫ
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі бірлесіп Қарағанды облысы бойынша Жергілікті мазмұнға бақылау жасау комиссиясын құрды.
Комиссияның қызмет аясында:
- Мемлекеттік сатып алуларда, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында, табиғи монополия субъектілерінің, жүйе құраушы кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті мазмұнды бақылауды қамтамасыз етеді;
- Ұлттық стандарттардың техникалық сипаттамаларда қолданылу заңнамалық талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік сатып алуларда, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында, табиғи монополия субъектілерінің, жүйе құраушы кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті мазмұнның көлемі мен үлесін, сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалардағы жергілікті мазмұнды мониторингтейді;
- Комиссия қызметі аясында мәжілістер, форумдар, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар және басқа қажетті іс-шаралар өткізеді;
- Кәсіпкерлердің сатып алулар мәселелері бойынша өтініштерін қарастырады;
- Импортты алмастыру саясатын жүзеге асырады;
- Алдын ала және тендерден кейінгі бақылауды жүргізеді;
- Тапсырыс берушілерден, жеткізушілерден және басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату құқығына ие.
Комиссияның негізгі міндеттері:
- Мемлекеттік сатып алуларда кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету бойынша әрекеттерін ашықтық, қолжетімділік, ақпараттылық, адалдық және заңдылық принциптері негізінде үйлестіру;
- Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті мазмұнның үлесінің динамикалық өсуін қамтамасыз ету;
- Кәсіпкерлік субъектілері тарапынан импортты алмастырудың одан әрі өсуін ынталандыру.
Сұрақтар туындаған жағдайда немесе шығарылған өнімдеріңізді ілгерілету қажет болса, төмендегі байланыстарға хабарласыңыз:
Байланыс телефоны: 8 7212 506-411 (внут. 401)
E-mail: project-support.kgf@atameken.kz
Қосымша ресурстар:
- 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алулардың жалпы графигі.
- "Қарапайым заттар экономикасы" аясында 8 сала бойынша сатып алу графигі.
- 2023 жылға арналған жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алу жоспарлары.
- 2020 – 2023 жылдарға арналған жұмыстың құрылыс сатып алу графигі.
- 2017 жылдан 2023 жылға дейін әзірленген жобалық-сметалық құжаттамалардың жинақ ведомостары орналастырылған Қарағанды облысының кешенді ведомстволық сараптама сайты.
- «Бір терезе» порталы — мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат.
- Жаңа өндірістерді құру және жобаларды жүзеге асыруды қолдау бағдарламасы, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның оффтейк келісімдерін жасау бағдарламасы.
- 2020 – 2023 жылдарға арналған құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу графигі.