Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
-
Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
-
Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-
«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
-
Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
-
Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.