Бастау-Бизнес
**Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» «Бастау» жобасын іске асыруды аяқтады. Қызығушылығыңыз бен қолдауыңыз үшін рахмет. Жобаның нәтижелері сіздер үшін қызықты болатынына сенімдіміз.**
«Бастау Бизнес» жобасы 2017 жылы ҚР Үкіметінің қабылдаған 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және массалық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында іске қосылды. Жобаның жергілікті деңгейдегі қаржылық емес қолдау операторы ретінде облыстың кәсіпкерлер палатасы қызмет етеді.
Жобаға қатысушылар ретінде жұмыссыздар мен өз ісін ашқысы келетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады. Жазылу өңірлер мен қалалардағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында жүргізілуде. Оқу 6 сәуірден басталады, оқу графигі төменде көрсетілген.
Оқу барысында қатысушыларға кәсіпкерлік қызметтің негіздері туралы ақпарат беріледі: салық режимдері, маркетинг негіздері, біздің облыста сұранысқа ие бизнес-жобалар, кооперативтер құру бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар, қаржыландыру алу үшін құжат үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, стартаптарды іске қосу бойынша халықаралық тәжірибе. Сонымен қатар, курсты аяқтаған барлық қатысушылар Палата кәсіпкерлерінің толық жобалық сүйемелдеуін, сондай-ақ жеңілдетілген кредиттерді алу мүмкіндігін күтеді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша тестілеу кезеңінің басталғаны туралы хабарландыру
2018 жылдың 03 шілде айынын бастап «Бастау» бағдарламасы бойынша тегін оқыту курстарына қабылдау басталады. Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.
Жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Тест қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен саулнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік шот құжаты болуы қажет.
Оқу ұзақтығы 25 күн. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.
Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайлары бойынша хабарласуға болады:
- Ақтоғай аудандық филиалы: Ақтоғай c., К.Бәйсеитова көшесі, 2 ғ., тел: 8(71037) 21273
- Шахтинск қаласы : Московская көшесі, 27 ғ, тел: 8(72156)49596
- Бұқар-жырау аудандық филиалы: Ботақара к., Абылай хан көшесі, 41Б ғ. тел: 8 (72154)21937
- Нұра аудандық филиалы: Нұра к., Тәуелсіздік көшесі , 37/3 ғ.,тел: 8(72144)21862.
- Шет аудандық филиалы: Ақсу-Аюлы с. , Шортанбай көшесі, 141а ғ. тел: 8(71031)21641.
- Қақаралы аудандық филиалы: Қақаралы қ. , Аубакиров көшесі, 34 ғ. тел: 8(7214)633075.
- Осакаровка аудандық филиалы: Осакаровка к., Достық көшесі, 29 ғ. тел: 8(72149)43004.
- Жаңаарқа аудандық филиалы: Атасу к., Тәуелсіздік көшесі, 22 ғ. тел: 8 (71030)26452.
- Ұлытау аудандық филиалы: Ұлытау с. , Абай көшесі, 18-2 ғ. тел: 8(71035)21415.
немесе atameken.kz сайтында бағдарламамен толық таныса аласыздар.