«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хабарландыру

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

        

2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

         Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші https://atameken.co сайтына электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркелу үшін және одан әру оқыту топтарына қабылдану үшін оқуға жолдамамен "Атамекен" ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына кеңес алуға жүгінеді. «Atameken Aсademy» жүйесінде оқуға өтінімдерді қабылдау а. ж. 19 сәуірінен бастап қол жетімді болады.

Толық ақпарат алу үшін Қарағанды облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет.

  • Караганды қ. Ермеков көшесі  29, 302 каб., 8 747 268 4838 (Ержан), 8 (7212) 506418
  • Жезказган қ,  Ғарышкерлер бульвары, 35, 8 (7102) 760203
  • Темиртау қ, Димитрова көшесі,100, 8 (7213) 300972
  • Балхаш қ, Шашубай шағын ауданы д.3б, БЦ Кулия, 8(71036) 43168
  • Приозерск қ,  Достык көшесі 7 оф.1, 8 (71039) 79067
  • Сарань қ, Кужанова көшесі  2, 8 (72137) 79070
  • Шахтинск қ, Московская көшесі  27, 8 (72156) 49596
  • Каражал қ, 24 тоқсаны, 4, 8 (71032) 26015
  • Ақтоғай аудандық филиалы: Ақтоғай c., К.Бәйсеитова көшесі, 2 ғ., тел: 8 (71037) 21273
  • Абай аудандық филиалы: Абай қ., Жеңіс даңғылы, 2 ғ, тел: 8 (72131) 79009
  • Бұқар-жырау аудандық филиалы: Ботақара к., Абылай хан көшесі, 41Б ғ. тел: 8 (72154) 21937 
  • Нұра аудандық филиалы: Нұра к., Тәуелсіздік көшесі , 37/3 ғ., тел: 8 (72144) 21862.
  • Шет аудандық филиалы: Ақсу-Аюлы с. , Шортанбай көшесі, 141а ғ. тел: 8 (71031) 21641.
  • Қақаралы аудандық филиалы: Қақаралы қ. , Аубакиров көшесі, 34 ғ.тел: 8 (7214) 633075.
  • Осакаровка аудандық филиалы: Осакаровка к., Достық көшесі, 29 ғ.тел: 8 (72149) 43004.
  • Жаңаарқа аудандық филиалы: Атасу к., Тәуелсіздік көшесі, 22 ғ. тел: 8 (71030) 26452.
  • Ұлытау аудандық филиалы: Ұлытау с., Абай көшесі, 18-2  ғ.  тел: 8 (71035) 21415.

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі – ҰКП) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасының кеңесшісі қызметтерін көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтінімдер іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Консультантқа қойылатын талаптар:

- Қазақстан Республикасының азаматтығы;

  • жоғары білім (заңгерлік, экономикалық, қаржылық, техникалық);
  • соттылықтың болмауы;
  • жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл;
  •  мемлекеттік және орыс тілдерін білу, іскерлік хат алмасу және келіссөздер дағдылары;
  • тәжірибелі компьютер, Internet, Microsoft Office-Word пайдаланушысы,; МІНДЕТТІ: сенімді Excel пайдаланушысы (жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
  •  «gmail.com» электрондық пошта мекенжайының болуы;
  • «Facebook», «Instagram», «Telegram Messenger», «WhatsApp Messenger» әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;

- қаржы институттарында және/немесе мемлекеттік органдарда ШОБ субъектілерін қолдау, дамыту, несие беру, рұқсат беру құжаттары және жер қатынастары саласында жұмыс тәжірибесінің, сервистік қызметтер көрсету саласында кемінде 2 (екі) жыл, жобада немесе «Жас кәсіпкер» жобасында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

Ескерту: ӨКП қолдаухаты бойынша жобаның аудандық деңгейдегі кеңесшісі үшін заң, экономикалық, қаржы және техникалық бағыттар бойынша арнаулы орта білімінің болуына жол беріледі.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

- түйіндеме және сауалнама (үлгі бойынша ӨКП-на);

- жеке куәлігі;

- жоғары/арнайы орта білімі туралы диплом;

- жұмыс тәжірибесін растайтын еңбек кітапшасы, азаматтық-құқықтық шарттар;

- бар болған жағдайда сертификаттар;

 

Өтінім нысанын және жобаның бизнес-жаттықтырушылары мен кеңесшілерін іріктеуге қатысу шарттарын ҰКП сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстық ӨКП кеңсесінен алуға болады (жауапты тұлға – ӨКП қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы).

Өтінімдер 2021 жылғы 15 наурыз сағат 18.00-ге дейін ӨКП-да Караганды қ. Ермеков көшесі  29, 302 каб., 8 (7212) 506418  мекенжайы бойынша қабылданады.

 

ӨКП байланыс тұлғалары: Бухарбаева Асем Бакеновна, эксперт, тел.506418

Өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы салалық комитеттердің қызметін кеңейту туралы хабарлайды:

- құрылыс, ТКШ және энергетика;

- жеңіл өнеркәсіп;

- машина жасау;

- агроөнеркәсіптік кешен;

- адами капиталды дамыту;

- тау-кен өнеркәсібі;

- ШОБ дамыту.

Осыған байланысты, салалық комитеттердің құрамына жаңа кәсіпкерлерді енгізу бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Қажетті құжаттар мен шарттармен танысу үшін келесі сілтемеден өту керек: t.ly/fxjM

Құжаттарды ұсыну мерзімі 29.04.2023 ж. дейін.

Қарағанды облысының кәсіпкерлік Палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде "Мен-Кәсіпкер" құралы бойынша ШОБ (шағын орта бизнес) субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға қызметтер көрсету үшін Өскемен қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту Орталығына (бұдан әрі – Орталық) менеджер-кеңесшісі ретінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан өтінімдерді іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды:

 

Міндеттері:

  • Көрсетілетін қызметті алушылардың қажеттіліктерінің сипатын зерделеу және "Мен-Кәсіпкер" жобасы шеңберінде қажетті көмекті көрсету;
  • Кәсіпкер әйелдердің тәлімгерге деген қажеттіліктерін анықтау, орталық аппаратқа өтінімді қалыптастыру және жолдау;
  • Кеңес беру, орталықтарға жүгінетін көрсетілетін қызметті алушылардың неғұрлым өзекті проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау және олардың сұрауын қалыптастыру. Өтініштер мен мәліметтер базасын жүргізу;
  • Кәсіпкерлердің оқу қажеттіліктерін анықтау, оқыту тақырыптары бойынша сұраныстарды жинау және жинақтау, оқуға өтінімдерді қалыптастыру және ОА-ға өтінімдерді жіберу;
  • "Бір ауыл-бір өнім" жобасын іске асыруға көмек көрсету, Бренд-комитеттердің жұмысына қатысу;
  • Материалдарды (ақпараттық мақалаларды, посттарды, анықтамаларды және өзге де материалдарды)дайындау;
  • Есептерді жүргізу және ұсыну;
  • Қызметтерді сатып алуға жәрдемдесу.

 

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құқықтық немесе экономикалық жоғарғы білімнің болуы;
  • Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Нормативтік құқықтық актілерді (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" ҚР Заңы және т. б.), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды және оларды іске асыру;
  • Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
  • Дербес компьютермен толық жұмыс жасай білу, Internet, Microsoft Office – Word тәжірибелі пайдаланушысы; міндетті: сенімді Excel пайдаланушысы (Жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
  • Facebook, Instagram, "WhatsApp Messenger", "Telegram Messenger" әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;

 

Іріктеуге қатысушылардың артықшылықтары: әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілер маркетингінде (SMM) тәжірибенің болуы.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

* жеке куәліктің көшірмесі;

* 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша менеджер-кеңесшісі ретінде іріктеуге қатысуға өтінім;

* "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба" шеңберінде менеджер-кеңесшісін іріктеу тәртібіне 3-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ізденушінің сауалнамасы;

* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелігі бар өтеулі қызмет көрсету шарты;

* білім туралы дипломның көшірмесі;

 

Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын  қағаз жеткізгіште не электрондық пошта арқылы сұрау салу бойынша электрондық түрде n m.kasimova@atameken.kz поштасына жіберуге болады,

 8 (7212) 506418 (вн. 438). анықтама телефоны.

 

 

Өтінімдер 2023 жылғы 20 ақпан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер