Агроөнеркәсіп кешені комитеті
«Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитеті отандық аграрлық бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу үшін оларды дамыту мақсатында бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында құрылды.
Комитет дауыс беру құқығы бар 19 салалық қауымдастықтан (одақтардан), сондай-ақ кеңесші дауыс құқығы бар 3 қауымдастықтан тұрады. Олар мынадай салалардан: мал шаруашылығы (ет одағы, сүт одағы, құс өсірушілер одағы, шошқа өсірушілер қауымдастығы, «Бал-Ара» ұлттық ара өсірушілер одағы, ет-сүт одағы, шошқа шаруашылығы одағы, ветеринарлық медицина қауымдастығы қауымдастығы, Қазақстандағы мал шаруашылығы қауымдастығы); өсімдік шаруашылығы (астық одағы, май өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы, Қазақстандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушілер қауымдастығы, бағбандар қауымдастығы, егін өсірушілер одағы, қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы); аралас (кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, Қазақстан фермерлері қауымдастығы, «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы, KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы).
Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрақтары бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:
1. АӨК саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер;
2. АӨК сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру;
3. ауыл шаруашылық саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
4. АӨК дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысу;
5. ауыл шаруашылық мәселелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл шешу мақсатында аграрлық нарық субъектілерінің мәселелерін шоғырландыру;
6. халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.