Агрөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі департаменті
Агрөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі департаменті (бұдан әрі қарай – Департамент) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің міндеттері:
1) ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің және ҰКП Тағам өнеркәсібі комитетінің қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
2) агроөнеркәсіп кешені саласындағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған мүдделерін (позицияларын) қалыптастыру;
3) ҰКП-ның агроөнеркәсіп кешені кәсіпкерлігі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі қызметіне қатысу;
4) агроөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі саласындағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
5) агроөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі саласында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік бастамаларын іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметітк жағдайлар жасауға ықпалдасу.