«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
бизнес
бизнес

(ағыл. business — іс) Нарықтық экономика жағдайында нақты өнімді өндіру немесе қызметті жүзеге асыру арқылы табыс табуға (пайда алуға) бағытталған заңды немесе жеке тұлғаның қызметі.

бизнес-жоспар — бизнес-план қаржы бизнесі — финансовый бизнес қонақ үй бизнесі — гостиничный бизнес оңтайлы ауқымдағы бизнес — бизнес оптимальных масштабов орта бизнес — средний бизнес шағын бизнес — малый бизнес өзара бизнес — взаимный бизнес ірі бизнес — крупный бизнес тәуекелшіл бизнес — венчурный бизнес транзиттік бизнес — транзитный бизнес халықаралық бизнес — междунардный бизнес бизнесмен қараңыз: кәсіпкер

благодарность
алғыс

Жұмысқа ынталандырудың, көтермелеудің бір түрі

алғыс айту — благодарить алғыс бiлдiру — выразить благодарность алғыс жариялау — объявить благодарность зор алғыс — большая (огромная) благодарность ұжымның атынан алғыс айту — выразить благодарность от имени коллектива шексiз алғыс — безграничная благодарность шын жүректен алғыс айту — выразить благодарность от всего сердца

благодарственное письмо
алғысхат

Өз кәсібі бойынша жұмысты сапалы, деркезінде атқарғаны үшін берілетін, марапаттау түріндегі ресми хат, марапаттың бір түрі

алғысхат алу — получить благодарственное письмо алғысхат жазу — составить благодарственное письмо алғысхат жiберу — отправить благодарственное письмо ресми алғысхат — официальное благодарственное письмо

богатство
байлық

Мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның өмірлік қажет­ тіліктерінен барынша артып түсетін материалдық немесе мате­ риалдық емес құндылықтардың (қаржы, жылжымайтын мү­ лік, өндіріс құралдары, сондай­ақ жеке адамның меншігі) молшылығы

байлыққа ие болу — владеть состоянием (богатством) жер байлығы — богатство земли зор байлық — огромное богатство қоғамдық байлық — общественное состояние мәдени байлық — культурное богатство рухани байлық — духовное богатство тiл байлығы — богатство языка таусылмас байлық — неисчерпаемое богатство ұлттық байлық — национальное богатство

бонус
бонус

(лат. bonus — сыйақы) Бірнеше мағынада қолданылады: 1) табыс айналымының жалпы сомасынан пайыз түрінде сауда делдалы алатын сыйақы; 2) сыйақы; көтермелеу сыйақысы; 3) сату мәмілесіне немесе жеке келісіммен жасалған талаптарға сәйкес сатып алушыға берілетін қосымша сыйақы, сыйлықақы

бонус көрсеткіштері — показатели бонуса бонус пайызы — процент бонуса қол қойылатын бонус — подписываемый бонус коммерциялық табу бонусы — бонус коммерческого поиска бонус беру — выдать бонус бонус мөлшері — размер бонуса бонус тағайындау — установить бонус

брак; изьян
ақау

Стандарттардың және техникалық жағдайлардың бұзылуы негізінде тауардың, өнімнің дайын болған нұсқасында анықтал­ ған кемшілік, жарамсыздық

ақауы бар — имеется брак өндірістегі ақау — брак в производстве өнімнің ақауы — брак продукции ішінара ақау — частичный брак

брокер
брокер

(ағыл. broker — маклер, брокер, делдал) Мүдделі тараптар арасында (мыс., жеткізілім жасайтын тап­ сырыс берушілер мен сатып алушылар арасында) мәміле, келісім жасау барысында делдалдық қызмет атқаратын жеке тұлға немесе делдалдық фирмалар. Қазіргі масс­медиа тілінде осы мағынада «делдал» сөзі жиі қолданылады.

ақша брокері — денежный брокер биржа брокері — биржевой брокер биржа шеңберіндегі брокер — брокер в биржевом кольце брокерлік / делдалдық несие — брокерский кредит делдалдық қызмет — брокерская деятельность валюталық брокер — валютный брокер дисконттық брокер — дисконтный брокер инвестициялық брокер — инвестиционный брокер кеден брокері — таможенный брокер келісімшарттық брокер — контрактный брокер кепілзат / бонд брокері — бондовый брокер қайта сақтандыру брокері — перестраховочный брокер қаржы брокері — финансовый брокер қор биржасының брокері — брокер фондовой биржи қор брокері — фондовый брокер облигация брокері — облигационный брокер патенттік брокер — патентный брокер сақтандыру брокері — страховой брокер табыстаушы брокер — представляющий брокер тәуелсіз брокер — независимый брокер тіркелген брокер — аккредитованный брокер үкімет брокері — правительственный брокер экспорттық брокер — экспортный брокер

будущий / предстоящий
алдағы

Келесі мерзім, күн, жыл; жоспар, бағдар

алдағы апта — предстоящая неделя алдағы жыл — предстоящий год алдағы кезең — предстоящий период алдағы мақсат — предстоящая цель алдағы мiндет — предстоящая задача

бюджет
бюджет

(ағыл. budget — құнды заттарға арналған тері қалта) Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кіріс­шығыс пайдасы­ ның нақтыланған сызбасы; ол әдетте, бір жылға жасалады және бюджет микро­ және макроэкономиканың маңызды тұжырым­ дамасы болып табылады

бюджет жүйесі — бюджетная система бюджет кірісі — доходы бюджета бюджет саясаты — бюджетная политика бюджет тапшылығы — дефицит бюджета бюджеттен қаржыландыру / бюджеттік қаржыландыру — бюджетное финансирование бюджеттен тыс қорлар — внебюджетные фонды бюджеттік болжау — бюджетное прогнозирование бюджеттік жыл — бюджетный год бюджеттік сыныптама / бюджеттік жіктелім — бюджетная классификация мемлекеттік бюджет — государственный бюджет тұтыну бюджеті — потребительский бюджет

валовой внутренний продукт (ВВП)
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

(ағыл. GDP — Gross Domestic Product) Жалпы ішкі өнім — елдің ішкі экономикасында бір жыл ішін­ де тікелей пайдалану, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген, атқарылған тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің барлығының нарықтық құнының жиынтығы. Ресми­іскери тілде, заңнамалық құжаттарда ЖІӨ нысаны орныққан

ЖІӨ есептеу әдістері — методы расчёта ВВП қосымша құн бойынша ЖІӨ — ВВП по добавленной стоимости нақты ЖІӨ — реальный ВВП номинал ЖІӨ — номинальный ВВП табыс бойынша ЖІӨ — ВВП по доходам шығын бойынша ЖІӨ — ВВП по расходам

Пікір қалдыру:

Серіктестер