astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
конвертируемость
айырбасталымдылық

(лат. conversio — айналдыру) Бір валютаны екінші валютаға еркін түрде ауыстыру, ұлттық валютаны басқа мемлекеттердің валютасына ауыстыру мүмкін­ діктері, банк билеттерін алтынға айырбастау мүмкіндіктері.

айырбасталымды валюта — конвертируемая валюта айырбасталымды құнды қағаздар — конвертируемые ценные бумаги

конкурент
бәсекелес

Өз өнімдері мен тауарларын өткізу арқылы басқалармен са­ лыстырғанда жоғары табысқа қол жеткізуге ұмтылатын, бір үл­ гідегі өнімдер мен тауарлар шығаратын фирма, кәсіпорын, жеке адам мен топтар

бәсекелес кәсіпорын — конкурентное предприятие бәсекелес фирма — конкурентная фирма

конкуренция
бәсеке / бәсекелестік

(лат. concurrere — жүгірісу, қақтығысу) Тауар өндірушілердің (жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар­ дың) арасында өз тауарларын өндіру мен өткізудің тиімді жағ­ дайына жету, барынша жоғары пайда табу үшін болатын эконо­ микалық бақталастық.

бәсеке / бәсекелестік ережелері — правила конкуренции бәсеке сауда — конкурентная торговля бәсекеге қабiлеттi — конкурентоспособный бәсекеге қабiлеттiлiк — конкурентоспособность бәсекеге түсу — конкурировать бәсекенi шектеу — ограничить конкуренцию

консалтинг
консалтинг

(ағыл. consulting < to consult — кеңес беру) Кәсіпорындардың, әртүрлі коммерциялық және коммерция­ лық емес мекемелердің басшыларына қаржылық, заңнамалық, коммерциялық, технологиялық, сараптамалық салалар бойынша барлық мәселелерге қатысты кеңес беру қызметі. Басқарушы­ ның, менеджменттің өз мақсатына қол жеткізуіне көмек береді

консалтингілік компания — консалтинговая компания консалтингілік қызмет көрсету — консалтинговые услуги

контракт / договор
келісімшарт

Сыртқы сауда шартын білдіретін ұғым. Нарықтық қатынас­ тарға негізделген әртүрлі кәсіпорындары бар мемлекеттерде жұ­ мыс істейтін тұлғалар арасында жасалады, уағдаласушы тараптар арасында өзара міндеттемелер анықталады

келісімшарт жасасушы — контрактант келісімшарт жасау — контрактация келісімшарт талаптары — условия контракта келісімшартқа қол қою — подписать контракт кепілдікті келісімшарт — гарантийный контракт

контроль
бақылау

(фр. contrôle — тексеру) Туындаған проблемаларды алдын ала айқындау мен шешу үшін қажетті, іс­қимылдың табысты болуына, кәсіпорынның, мекеменің өз мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал ететін нысан

айрықша бақылау — особый контроль бақылау жүргiзу — проводить контроль / контролировать бақылаудан шығу — выйти из-под контроля бақылауды әлсiрету — ослабить контроль бақылауды жолға қою — наладить контроль бақылауды күшейту — усилить контроль бақылауды қолға алу — приступать к контролю бақылауды ұйымдастыру — организовать контроль күшейтiлген бақылау — усиленный контроль қатаң бақылау — строгий контроль тұрақты бақылау — постоянный контроль бақылаушы — наблюдатель

корпоратив
корпоратив

Кәсіпорын, мекеме қызметкерлерінің бірлесе демалуының бір нысаны. Кәсіпорын, мекеме басшысы бейресми жағдайда қа­ рамағындағы қызметкерлердің шығармашылық қабілеттерін, ұжымның басқа мүшелерімен қарым­қатысын және басқа да дең­ гейлерін бақылауға мүмкіндік алады

корпоративті ұйымдастыру — организация корпоратива корпоративтік веб-сайт — корпоративный веб-сайт корпоративтік табыс салығы — корпоративный подоходный налог

корпорация
корпорация

(лат. corporatio — бірігу) Меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену.

корпорацияға салынатын салық — налог на корпорацию корпорацияның табыстарынан алынатын салық — налог на прибыль корпорации

краткосрочный
қысқа мерзімді

Аз уақытқа есептелген

қысқамерзімді активтер — краткосрочные активы қысқамерзімді берешек — краткосрочная задолженность қысқамерзімді вексель — краткосрочный вексель қысқамерзімді депозит — краткосрочный депозит қысқамерзімді инвестициялар — краткосрочные инвестиции қысқамерзімді кредиттеу — краткосрочное кредитование қысқамерзімді қаржылық салымдар — краткосрочные финансовые вложения қысқамерзімді қарыз — краткосрочный заём қысқамерзімді несие — краткосрочная ссуда қысқамерзімді тратта — краткосрочная трата

кредит
кредит

(лат. credit — ол сенеді) Келісімшарт жасау арқылы қайтарылатын пайыздық көрсет­ кіші анықталатын, көбіне­көп банктер тарапынан жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға олардың өз мақсаттары үшін пайдалнуына берілетін ақшалай несие.

кредит алуға өтінім беру — заявка на получение кредита кредит бағасы — цена кредита кредит карточкасы — кредитная карточка кредит кепілдігі — гарантия кредита кредит қаражатын бөлу — разассигнование кредитов кредит қатынастарын реттеу — регулирование кредитных отношений кредит лимитінің көбеюі — увеличение кредитного лимита кредит пайызы — процент кредита кредит төлеу қабілетсіздігі — некредитоспособность кредит шарттарын қайта қарау — пересмотр условий кредита кредитке сатып алу — покупка в кредит кредитке сұраныс — спрос на кредит кредиттен келтірілген залал — убытки по кредитам кредитті жабу — закрытие кредита кредитті жоспарлау — планирование кредита кредитті өтеу қабілеттілігі — кредитоспособность кредитті өтеу мерзімі — срок погашения кредита кредитті өтеу тәсілі — способ погашения кредита кредитті сақтандыру — страхование кредита кредиттік берешек — задолженность кредитная кредиттік дағдарыс — кредитный кризис кредиттік тәуекел — кредитный риск

Еншілес ұйымдар

Серіктестер