astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
розничная торговля
бөлшек сауда

Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің жиынтығы; өнімдерді, тауар­ ларды немесе қызмет түрлерін тұтынушылардың жеке өз мүдде­ сіне пайдалануы үшін аз көлемде (бір немесе бірнеше данадан) сатуы

бөлшек сауда бағасы — розничная цена өзара бөлшек сауда келісімі — розничная франшиза

рынок
нарық

Экономикалық қарым­қатынастардың жиынтығы, тауар, өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы ұдайы айырбастау операцияларына негізделеді

әлемдік нарық — мировой рынок әлеуетті нарық — потенциальный рынок нарық алымы — рыночный сбор нарық динамикасы — динамика рынка нарық дисконты — рыночный дисконт нарық заңдары — рыночные законы нарық өтімділігі — ликвидность рынка нарыққа бейімделу — адаптация к рынку нарыққа дендеп ену — проникновение на рынок нарыққа еркін кіру — свободный вход на рынок нарықтағы тауаша — ниша на рынке нарықты анықтаушы — детерминант рынка нарықтық баға — рыночная цена нарықтық бағатүзілім — рыночное ценообразование нарықтық сауда — рыночная торговля нарықтық сұраныс — рыночный спрос

сальдо
сальдо

Нақты бір уақыт аралығында түскен түсім мен шыққан шы­ ғынның айырмашылығы

актив сальдо — активное сальдо сыртқы сауда сальдосы — внешнеторговое сальдо өтемдік сальдо — компенсационное сальдо бастапқы сальдо — начальное сальдо ауыстырылған сальдо — перенесённое сальдо айқарма сальдо — развёрнутое сальдо айырбасталым сальдосы — сальдо конверсии сауда теңгерімінің сальдосы — сальдо торгового баланса шот сальдосы — сальдо счёта

сбор
алым

Ұйымдардан және жеке тұлғалардан міндетті түрде алынатын арна; алымды төлеу мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін­өзі басқару органдарының, басқа да өкілетті органдар мен лауазым­ ды адамдардың алым төлеушілерге қатысты заңды түрде маңыз­ ды іс­қимылының (мысалы, нақты құқықтар немесе лицензиялар беру) белгілі бір шарты болып саналады

акциз алымы — акцизный сбор әуежай алымы — аэропортный сбор баж алымы — пошлинный сбор базар алымы — рыночный сбор сақтандыру алымы — страховой сбор

сбыт
өткізу

Кәсіпорынның, кәсіпкерлердің өздері жасаған, өндірген тауарларын, өнімдері мен бұйымдарын ақша қаражатын табуды қамтамасыз ету мақсатында сатуы

өткізу арнасы — канал сбыта өткізу нарығы — рынок сбыта өткізу нарығына бағдарлану — ориентация на рынок сбыта өткізу нарықтарын зерттеу — исследование рынков сбыта өткізу орталығы — центр сбыта өткізу шығасылары — издержки сбыта өткізуге арналған босалқы қорлар — сбытовые запасы өткізуді талдау — анализ сбыта өткізуді ынталандыру — стимулирование сбыта өткізудің таза құны — чистая стоимость реализации өткізу-жабдықтау кооперациясы — кооперация сбытово- снабженческая өткізілім саясаты — сбытовая политика өткізім шегерімі — скидка сбытовая өткізімділік — реализуемость

сверх…; добавка
үстеме

Белгіленген мөлшерге қосымша қосу, белгіленген мөлшерді көбейту

үстеме алымдар — добавочные сборы үстеме баға — добавочная стоимость үстеме капитал — добавочный капитал үстеме қосымша құн — прибавочная стоимость үстеме құн — сверхстоимость үстеме пайда — сверхприбыль үстеме пайда салығы — налог на сверхприбыль үстеме салық — сверхналог үстеме төлем — наложенный платёж, приплата үстеме шығасы — накладные издержки үстеме шығындар — накладные расходы үстеме шығыстар — накладные расходы үстемеақы — надбавка

свободный
еркін

Нарық экономикасы саласындағы атқарылатын іс­қимылдың бір тобын топтастыратын түсінік

еркін айырбасталмалы валюта — свободно конвертируемая валюта еркін бағалар — свободные цены еркін бағатүзілім — свободное ценообразование еркін бәсеке — свободная конкуренция еркін босату бағасы — свободные отпускные цены еркін кәсіпкерлік — свободное предпринимательство еркін кәсіпкерлік аймағы — зона свободного предпринимательства еркін кеден аймағы — свободная таможенная зона еркін нарықтық қатынастар — свободные рыночные отношения

сводный; совокупность
жиынтық

Жалпы көлемнің тұтастығы, бөлінбейтіндігі

жиынтық ақшалай түсімдер — валовые денежные поступления жиынтық баланс — сводный баланс жиынтық ведомость — сводная ведомость жиынтық жоспар — сводный план жиынтық көрсеткіш — сводный показатель жиынтық пайда — совокупная прибыль жиынтық смета — сводная смета жиынтық табыс салығы — совокупный подоходный налог жиынтық төлем тапсырмасы — сводное платёжное поручение жиынтықтама — комплектация

сделка
мәміле

Сыртқы экономикалық байланыстарда, шаруашылық, кә­ сіпкерлік мәселелерінде заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қарым­қатынастарды бекітуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс­қимыл. Екі немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда мәміле келісімшарт, келісім дәреже­ сінде болады.

мәміле жасасу — заключение сделки мәміле жасауға салынатын салық — налог на совершение сделки мәміле нарығы — рынок сделок мәміле нысаны — форма сделки мәмілелер жиынтығы — сводка сделок

сдельный
кесімді

Атқарылған істің саны бойынша есептелетін

кесімді бағаламалар — сдельные расценки кесімді бағалық — сдельная расценка кесімді еңбекақы төлеу — сдельная оплата труда кесімді жалақы — сдельная заработная плата кесімді жұмыс — сдельная работа кесімді-сыйлықақы жүйесі — сдельно-премиальная система кесімділік — сдельщина

Еншілес ұйымдар

Серіктестер