astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
спонсор
демеуші

(лат. spondeo — кепіл боламын) Кепілдік беруші, экономикалық жобаларды, әлеуметтік іс­ шараларды өткізуді қаржыландыратын немесе көлемді іс­ша­ раларды өткізуге қаржы төлеу арқылы тапсырыс беретін жеке тұлға немесе заңды тұлға. Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өнімдерін шығаруға немесе қызметтерін тиімді етуге қаржылай көмек көрсететін екінші бір жеке немесе заңды тұлға; бұл ретте демеуші пайда табуды көздемейді, тек өз өнімін жарнамалауды мақсат етеді.

демеуші болу — быть спонсором демеуші іздеу / табу — искать / найти спонсора демеушілік жасау — спонсировать демеушілік көрсету — оказать спонсорство

справка
анықтама

Нақты мәліметтер мен фактілерді баяндайтын және олардың нақты екендігін дәлелдейтін ресми құжат. Қызмет бабындағы анықтама жоғарғы органдардың талап етуі бойынша жасалады

анықтама алу — взять (брать) справку анықтама беру — дать (давать) справку анықтама бойынша — согласно справке анықтама бөлiмi — отдел справок анықтама бюросы — справочное бюро анықтама жазу — писать справку анықтама сұрау — просить (спросить) справку анықтамалық — справочник

спрос
сұраныс

Сатып алушылардың нақты түрдегі бағамен сатып алғысы келетіндігін білдіретін және сатып алатындай мүмкіндіктері бар екендігін көрсететін қолайлы қарым­қатынас. Тауарлар мен өнімдерді сатып алушылар кез келген бағамен сатып алатындай жағдай туындаған болса, бұл сұраныстың жоғары екендігін дә­ лелдейді.

сұраныс бағасы — цена спроса сұраныс динамикасы — динамика спроса сұраныс пен тұтынымды талдау — анализ спроса и потребления сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі — равновесие спроса и предложения сұраныс пен ұсынысты талдау — анализ спроса и предлржения сұранысты болжау — прогнозирование спроса сұранысты зерттеу — изучение спроса сұранысты қанағаттандыру — удовлетворение спроса сұраныстың бағалық икемділігі — ценовая эластичность спроса сұраныстың жоқтығы — отсутствие спроса

средний
орта

Белгілі бір кеңістіктің, атқарылатын қызметтің арасы

орта бизнес — средний бизнес орта буынды басшы — руководитель среднего звена орта кәсіпорын — среднее предприятие орта шаруа — середняк орта шаруа қожалығы — середняцкое хозяйство

средний
орташа

Жоғары және төмен өлшемдерінің арасы

орташа айнымалы шығасы — средние переменные издержки орташа баға — средняя цена орташа еңбекақыны есептеу — исчисление среднего заработка орташа есептелген құн әдісі — метод средневзвешенной стоимости орташа жалақы — средняя заработная плата орташа жалақы бойынша төлемақы — оплата по среднему заработку орташа құн — средняя стоимость орташа мерзімді қарыз — среднесрочный заём орташа пайда — средняя прибыль орташа тарифтік разряд — средний тарифный разряд орташа тәуліктік норма — среднесуточная норма орташа түсім — средняя выручка орташа тізімдік сан — среднесписочная численность орташа шығасы — средние издержки

средство
қаражат

Ақша, капитал ұғымдарының жиынтық атауы

қаражат алу кестесі — график получения средств қаражат бөлу — выделение средств қаражат іздестіру — изыскание средств қаражаттандыру — ассигнование қаражатты дисконттау әдісі — метод дисконтирования средств қаражатты қайта бөлісу — перераспределение средств қаражатты талан-таражға салу — разбазаривание средств қаражатты шашырату — иммобилизация средств қаражаттың бос қалдықтары — свободные остатки средств

срок
мерзім

Белгілі бір уақыт кезеңі; осы уақыт басталып, аяқталғанға дейін жұмыстың орындалуына қатысты құқықтар мен міндет­ темелер алынады, өзгертілуі мүмкін және тоқтатылады

мерзімге сатып алу — покупать на срок мерзімді аванс / теңгерім — срочный аванс мерзімді вексель — срочный вексель мерзімді жұмыс — урочная работа мерзімді өткізіп алу — просрочка мерзімді салым — срочный вклад мерзімді төлемақы — повременная плата мерзімнен тыс жұмыс — сверхурочная работа мерзімнің өту күні — дата истечения срока мерзімсіз қарыз — бессрочный заём мерзімсіз облигация — бессрочная облигация мерзімсіз тапсырма — бессрочное поручение мерзімі өткен берешек — просроченная задолженность мерзімі өткен борыш — просроченный долг мерзімі өткен несие — просроченная ссуда мерзімі өткен төлем — просроченная плата мерзімі ұзартылған кредит — пролонгированный кредит мерзімін ұзарту — пролонгация мерзімінен бұрын орындау — досрочное выполнение мерзімінен бұрын өтеу — досрочное погашение

ссуда
несие

Меншік иесінің өз мүлкін, бұйымын, ақшалай қаражатын пайдалану мерзімін белгілей отырып екінші бір адамға уақытша өтеусіз пайдалануға беруі. Қазіргі жазба нұсқаларда, сондай­ақ кейбір сөздіктерде несие термині қарыз және кредит аталымда­ рына мағыналас сөз ретінде қолданылады. Алайда заңнамалық құжаттарда және экономика ғылымы бойынша әдебиеттерде көрсетілген терминдердің ұғымдық айырмашылықтары бар. Мә­ селен, кредит — несиенің бір түрі; кредит бойынша белгілі бір пайыз көлемі төленуі міндетті. Кредитті компания немесе банк береді, ал несие азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекет тарапынан немесе кәсіпорынның, мекеменің өз қызметкерлерінің кейбір топтарына беретін мүлік немесе ақшалай қаражат. Несие бойынша пайыз төленбеуі де мүмкін. Демек, несие — кредит тер­ миніне қарағанда, кең мағынада.

несие алу жөніндегі өтінім — заявка на получение ссуды несие алушы — ссудополучатель несие беруші — ссудодатель несие капиталы — ссудный капитал несие келісімшарты — договор ссуды несие құны — стоимость ссуды несие пайызы — ссудный процент несие шоты — ссудный счёт несиеге қарыз алушы — ссудозаёмщик несиені өтеу — погашение ссуды несиені өтеу мерзімі — срок погашения ссуды несиені өтеу мерзімін ұзарту — отсрочка погашения ссуды несиені ішінара өтеу — частичное погашение ссуды өтелмеген несие — непогашенная ссуда

стабильный; постоянный; регулярный
тұрақты

Бекем, өзгермейтін, тиімділігі жоғары

тұрақты айлықақы — твёрдый месячный оклад тұрақты аудит — регулярный аудит тұрақты әкелім — постоянный ввоз тұрақты база — постоянная база тұрақты табыс — постоянный доход тұрақты түсімдер — стабильные поступления тұрақты шығасы — постоянные издержки тұрақты шығын — постоянные затраты тұрақтылық — стабильность

ставка
мөлшерлеме

Табыстың, кредиттің жалпы қаражатына қатысты есептелетін, кредиттің берілгені үшін төленетін, табыстан салық түрінде алы­ натын көлем, пайыздық үлес

дисконтты мөлшерлеме — дисконтная ставкақайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ставка рефинансирования нақты мөлшерлеме — реальная ставка несие мөлшерлемесі — ставка по ссудам пайыздық мөлшерлеме — процентная ставка салық мөлшерлемесі — ставка по налогам төлем мөлшерлемесі — ставка по платежам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер