«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ернар Күлпейісов соңғы 9 айдың жұмыс көрсеткіштерін баяндады

2017 жылғы 20 Қазан
- Қарағанды облысы
2698 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жұмыс нәтижелерімен бөлісті

«Атамекен» ҚР ҰКП-да Өңірлік кәсіпкерлер – палата басшылары Орталық аппаратта 2017 жыл бойынша есеп беруді бастады. 15 қазан күні Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Ернар Күлпейісов есеп беру нәтижесінде инфрақұрылым дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі жасалып жатырғандығын мәлімдеді.

­­­­Ернар Күлпейісов, Өңірдегі экономикалық ахуал қандай деңгейде?

–Қазақстанның индустриалы орталығына айналған Қарағанды облысы жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 44,5 пайызды құрайды. 2017 жылдың 8 ай аралығында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 421,1 млрд. тенге көрсеткішіне жетті. Өнеркәсіптік өнім физикалық көлем индексі 104,8 пайыз екендігі белгілі. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 80 707-ға жетіп, 227 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау үдерісі қалай жүріп жатыр?

–Бизнесті қорғау мен қолдау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі мақсаты болып табылатындығы белгілі. Ағымдағы жылдың ішінде Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына 239 өтініш түсіп, 34,1 пайызы оң шешімін тапты. Сотта құқық қорғау, өтініштер бойынша прокурорлық шешімдерге әрекет ету, айыппұлдың күшін жою, субсидия бойынша төлемдер жасау сынды сұрақтар шешілді.

Қарағанды облысының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін тиімді факторлар көп екендігі белгілі, нәтижесін қашан көреміз?

–Бүгінгі күні 31 инфрақұрылымы бар тұрып қалған өндірістік орындардың тізімі жасалып, бос қалған өндірістік орындардың қажетті интерактивті картасы жасалды. Карта онлайн платформаға орналастырылып, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа таныстырылған болатын.

Қарағанды облысының ауыл шаруашылық кооперативтері жайында айта кетсенің?

– «Нәтиже» ЖШС анкерлік кәсіпорыны негізінде 4 орталықтандырылған сүт сату аймақтары (Бұқар Жырау, Абай, Осакаров, Шет аудандарында) ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Ағымдағы жылы «Жеңіс» шаруа қожалығы негізінде Жаңаарқа ауданында «Еуразия Инвест Ltd» ЖШС өткізу үшін орталықтандырылған бие сүтін жинау ауыл шаруашылық кооперативін құру жоспарлануда.

– Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаларының халық үшін тиімді тұстарын атап өтіңіз.

– «Бизнес мектеп» аясында кәсіпкерлік негіздерін 1 700 азамат оқу курсын сәтті аяқтады. Агробіліктілікті жоғарылату жобасы аясында 8 бағыттың 11 негізгі шаруашылығы бойынша 13 ғылыми-практикалық семинар өткізілді. «Жобаларды демеу» өнімі клиентке бағытталған жобаларды іске асыру және дайын бизнес жүргізуге бағытталған. Дәл осы жоба нәтижесінде ағымдағы жылы 46 пайыздық өсіммен 8,5 млрд.тг көлеміндегі 1 551 жоба (2016 ж. бұл көрсеткіш 1 060 жоба болатын) жүзеге асырылды. 1 600-ден астам жұмыс орны, 1 150 жаңа кәсіпкерлік субьектісі мен 225 кәсіпкерге бизнесін үлкейту немесе жер участкілеріне қол жеткізуге көмек көрсетілді. 2017 жылдың сәуір айынан Қарағанды облысының 7 ауданында «Бастау Бизнес» жобасы жұмысын бастаған еді. 5 лек нәтижесінде 1 073 адам оқытылып, 878 қатысушы жобасын сәтті қорғап, 312 жоба қаржыландырылды.

Сыртқы байланыстарды орнатуда қандай жұмыс атқарылған?

–Есеп беру кезеңінде аралығында жалпы 4 сыртқы кездесулер мен 6 шетелдік делегаттардың Қарағанды қаласына келу шаралары өткізілді. Осы арада айта келетін, 2017 жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында кәріс кәсіпкерлерімен Халықаралық форум өткізіліп, 4 айдан соң Оңтүстік Корея мемлекетіне жауапты кездесу «MedieExpo-2017» көрмесі сәтті аяқталды. «Expo-2017» Халықаралық көрмесі аясында Қарағанды қаласында Ресей Федерациясы, Польша, Украина мен Беларусь мемлекеттерінің өкілдерімен B2B кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Халықаралық байланыс өлкенің туризм саласын дамытуға қаншалықты әсер етеді?

–Халықаралық қарым-қатынас орнату барысында шетел азаматтары елімізге ағылып келеді деген сөз емес. Біз мақсатымызға жоспарлы әрі нық басқан қадамдармен келеміз. Соның бір мысалы Қазақстан орталық туризм қауымдастығы құрылды. Қазірдің өзінде 13 ұйым қауымдастық мүшелігіне дайын. Осылайша өңірде қауымдастықты ірілендіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қауымдастық қолдауымен оқыту орталығы өз жұмысын бастап та кетті. Қазіргі таңда қаржылай емес қолдау көрсету аясында сайт дайындау мәселесін шешу бойынша көмек көрсетіп жатырмыз. Тур бағыттар, аймақтың бетке ұстар жерлері, табиғат қорлары сынды барлық ақпаратты онлайн форматта жинақтайтын сайт әзірленбек.

Алдағы жылға Қарағанды кәсіпкерлер палатасының жоспарлары қандай?

–Басты мақсат шағын және орта бизнесті дамытып, нарықта орныққан ірі кәсіпорындарға оқшаулау, ірі кәсіпорындармен өзара әрекет ету және аутсорсинг жобаларды жүзеге асыру болып табылмақ. Әлеуметтік мәселелер тізімі жасалып, дөңгелек үстелдерде талқылану барысында «Атамекенім» ақциясы жақсы қолдау тапты. Кәсіпкерлер тарапынан акцияға жоғары дәрежеде қызығушылық байқалады.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын бастаған еді. Акция ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» ақциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымдылық көмегін көрсетуге әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ниетті.

Сұхбаттасқан Динар Шахай


Еншілес ұйымдар

Серіктестер