«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алуларда демпинг кедергі

2018 жылғы 13 Тамыз
- Қарағанды облысы
6849 просмотров

Мемлекеттік сатып алуларды жүргізудегі бағалар демпингі құрылыс саласының барлық өкілдерін мазалайтын өзекті мәселе.

Үш жыл ішінде өңірдің құрылыс салушылар қауымдастығы жанындағы арнайы комиссия саладағы  ахуалды, атап айтқанда, демпинг арқылы конкурстарды жеңіп алған фирмалардың қызметіне мониторинг жүргізді. Өйткені мемлекеттік сатып алулардағы баға саясаты қызмет құнын 47%-дан төмен түсіріп тастады. Нәтижесінде: құрылыста жергілікті қызмет орындаушылар сатып алуларға қатыспай отыр.

 «Демпинг барімізге ортақ мәселеге айналды. Құрылыста қызмет көрсетудің жергілікті жеткізушілері сатып алулар саласынан кетіп қалды. Бәріміз құрылысшымыз, сондықтан салықты уақытында төлейтін, жұмысты сапалы орындайтын кәсіпкерлер үлкен жеңілдік жасамайтынын білеміз. Осылайша көп компанияның байқауға қатысқысы жоқ. Ал олардың орнына өндірістік базасы, тәжірибе мен білікті мамандары жоқ біркүндік компаниялар келіп жатыр», – деді «Стройтехнология» ЖШС директорының орынбасары Александр Воробьев.

 Жиында демпинг сапасыз материалды қолдану, біліксіз қызметкерлерді тарту арқылы жүзеге асып, салдарынан құрылыс кезінде олқылықтарға әкеліп, жобадан ауытқу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратыны жайында айтылды. Александр Воробьев былтырғы жылда болған бірнеше мысал келтірді.  

 «Дәулет» спорт мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді «Рост ltd» ЖШС жеңіп алды (демпинг 51%-ды құрады), алайда компания қас беттің жартысын ғана жөндеп, басқа объектіге өтіп кетті. Тапсырыс беруші орындаушыны сотқа береді, сот мердігерді кінәлі деп табады. «Bitline» ЖШС үстел теннисі мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастайды, ал содан кейін жұмысшылар екі айға жоқ болып кетеді, нәтижесінде шатыр әлі жабылмай тұр. Ал сатып алудағы байқауда ЖШС 47% мөлшерде баға белгілеу арқылы жеңіске жеткен. Биыл білім беру объектілерін жөндеу жұмыстарын ешкімге белгісіз «Казстройгрупп» ЖШС жеңіп алған, компанияны арнайы білімі жоқ 23 жасар жігіт басқарады екен. Демек жөндеу жұмыстарды біліктілігі төмен адамдар жасап жатыр. Кезекті мысал келтірейін, Жаңа Майқұдықтағы Мәдениет сарайына күрделі жөндеу жұмыстары. Былтыр сарай басшылығы «Аксоран» ЖШС-мен сапасыз құрылыс материалдарды қолдану бойынша соттасты, мұнда демпинг мөлшері 53% болған. Сот процесі 2 айға созылды, осы уақыт аралығында жөндеу жұмыстары тоқтап тұрды», – деді Воробьев.

Құрылыс комитеті мүшелері салалық кластер базасында нормативтерді әзірлеуді, сонымен қатар заңнамаға өзгерту енгізу бойынша ұсыныстар легін жасауды ұсынды. Атап айтқанда бюджеттік қаражатты игермегендігі үшін принципшіл басшыларды жазаламау керек. Николай Абт квота бөлу бойынша балықшылар мен аңшылар қауымдастығының тәжірибесін қолданып көруді ұсынды. Осылайша Құрылысшылар қауымдастығы облыс бойынша тапсырыстарды бөлу құқығына ие болар еді. Осындай тәсіл жергілікті компаниялардың мүддесіне жұмыс істеп, ішкі корпоративтік жауапкершілік механизмдерін арттырып, өзара көмек көрсетуді қамтуға мүмкіндік береді.

 Мемлекеттік сатып алулардағы демпинг мәселесін комитет мүшелері консультациялық-кеңес алу орган талқылауына салмақ, сонымен қатар келесі жиынға Мәжіліс депутаттары шақырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер