«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміртаулық кәсіпкер әділдікке қол жеткізді

2018 жылғы 11 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
15114 просмотров

Жеке кәсібін кеңейтуді ойлаған теміртаулық кәсіпкер айыппұлға ұрынып, бірқатар мәселелерге тап болды. Кәсіпкер заңгерлік көмек алу үшін «Атамекенге» жүгінді. Заңгерлер кәсіпкерді бюджеттік қаражатпен несиелейтін ұйымнан қорғап қалды.

Кәсіпкер Шоқан Ахметов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың қарағандылық бөлімшесімен сот процесін жүргізді. «Ансоль» жеке кәсіпкерлігі жылыжай бизнесімен бес жыл бойы айналысып келеді. Екі жыл бұрын кәсіпкер аспа саңыруқұлақ өсіруді қолға алған болатын. Бизнесті дамыту мақсатында қосымша қаражат керек болды.

«Бұл менің алғаш рет несиелеуге жүгінген кезім. Саңырауқұлақтарға аранлаған жылыжайдың ауданын кеңейту үшін маған дереу ақша керек болды. Жергілікті әкімдікте Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына баруға кеңес берді. Маған төмендетілген мөлшерлеме ұнап, несиені сонда аламын деп шештім. Бірақ жеңіл несиеден бөлек, құжаттардың үлкен топтамасын жинау алаңдатты. Рұқсат беретін органдардың табалдырығын тоздырып, құжат жинауды қазақбастылық деп топшыладым. біріншіден, несиелер жайдан-жай берілмейді, екіншіден, ақша – мемлекеттікі. Сондықтан, несиелеу үдерісі де өте ұзақ. Ақырында өзіме қажет 3 млн теңгені алып, жылыжайды үлкейту жұмысына кірісіп кеттім», – деді Шоқан Ахметов.

 Алайда кәсіпкер Қор жұмысына деген күмәні сейілмеді. Мәселен, кәсіпкер қарызды қайтарып жүрген екі жыл ішінде «Ансоль» жеке кәсіпкерлігі қаражатты қайда және қалай жұмсап отырғанын ешкім келіп тексерген жоқ. Дегенмен, кейін Ауылды қаржылай қолдау қоры филиалының өкілдері сотқа шағымданған соң кәсіпкер құрылысына қаражат алып жатқан  объектісін көрсетпеді дегенді алға тартты.

 Осылайша, тексерушілер қаражат қандай мақсатта қолданғанын көре алмады. Кәсіпкердің айтуынша, ол алынған қаражатқа 100 шаршы метр жылыжайды 600 шаршы метрге дейін кеңейткен. Алайда сот дауына тағы бір дәйек  жылыжай нысаны жобасыз салынғаны мысал болды. Бірақ жуырда кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынынан қарызды қайтаруды шегере тұруды сұраған.

   «Шоқан Ахметов орын алған материалдық қиындықтарға байланысты қор қызметкерлерімен несиені төлеу бойынша қосымша мерзімді ауызша сұраған. Алайда, уақыт өте келе кәсіпкерге өз өтінішін жазбаша жазу ұсынылды. Бірақ, кәсіпкер үлгермей қалған. Нәтижесінде негізгі қарызға өсімақы да қосылған», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Игорь Кветинский.

Кәсіпкер ауызша келісім фактісін дәлелдеп, оған несие төлеу бойынша шегерім берген маманды іздеп болғанша, қор басшылығы сотқа жүгінді.

 Қарағанды облысы мамандандырылған ауданарылқ экономикалық соттың судьясы Ербол Майпасов бастапқыда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Ал «Ансоль» жеке кәсіпкерлігінен 2 млн 600 мың теңге (негізгі қарыз, өсімақы және айыппұл). Алайда бір айдан соң дәл осы судья өз шешімін өзгертіп, іс қарауды жаңартты.

Оған Шоқан Ахметов сотқа дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан ешқандай шағымдар алмағаны себеп болды. Кәсіпкер талап арыздың сотқа түсуі жайында да бейхабар еді. Демек, кәсіпкер сот шешімінің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәйектер мен дәлелдемелерді бере алмады.

 Заңгер Игорь Кветинскийдің айтуынша, «Ансоль» жеке кәсіпкерлігінің директоры сот шешімін үй кіреберісінде көршілер тауып алған хаттан білген. Іс өндіріске қайтарылған соң, Шоқан Ахметовтың мүддесін Палата заңгерлері қорғауға алғанда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының басшылығы аяқ астынан «Ансоль» жеке кәсіпкерлігімен ымыраға келу боынша шешім қабылдайды. Мерзімі өтіп кеткен қарыздың  көлемі  – 2 млн 600 мың теңгеден 728 мыңға дейін азайтылды. Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің көмегімен кәсіпкер сот шешімі бойынша әділдікке қол жеткізіп, қарыз сомасын азайтып, кішігірім жеңіске жетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер