«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті бизнеске шығын әкеледі

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Қарағанды облысы
6206 просмотров

 Қарағанды облысында кәсіпкер органдардың заңсыз әрекеті салдарынан 2,5 млн теңге көлемінде шығын көрді. Бизнесмен көмек алу үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатсына жүгінді.

Бірнеше жыл «Рауан СКО» ЖШС иесін экономикалық контрабанда жасады деп айып тағылды, ал оның тауары уақытша сақтау қоймасына жіберілді. 2017 жыл наурыз айында ол Қытайдан 11 млн теңгеге текстиль өнімдерін әкелген болатын, алайда құжаттардағы қателіктер салдарынан облыстың  мемлекеттік кірістер департаменті өнімді контрабанда деп танып, тәркілеп алды. Ал кәсіпорынға қылмыстық іс қозғады.

«Тауар атауында болмашы қате кеткен. Іс аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда бабы бойынша қозғалды. Ары қарай ірі көлемге деп өзгерді. 2018 жыл қарашада  қылмыстық құрамның болмауы себепті іс тоқтатылды», – деді кездесу барысында ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Юлия Олейник.

Енді барлық қиындықтар артта қалғандай көрінді, алайда осы уақытқа дейін бұғатталған тауар жатқан фирма иелері тауарды бергісі келмей, 2 млн теңге төлеуді талап етіп отыр. Кеңес барысында кәсіпкер кінәсі жоққа шығарылды, енді шығындарды салық органы төлеуі керектігі айтылды. Қарызды төлемей, өнімді қайтарып алу мүмкін емес болып тұр.

 

 «Бізде барлығы ресми, сонымен қатар қойманы жалдап отырмыз. Контейнер бізде бір жарым жыл уақыт тұрды. Оған біз жауаптымыз, ал енді сіздер алып кеткілеріңіз келеді», – деп шағымданды  «РусСтатКаз» ЖШС директоры Жанар Ниязбекова.

Ситуацияны шешуге Кеңес мүшелері көмектесті. Заңгерлердің айтуынша, сот процестік істе тәркіленген тауарды сақтау үшін қарстырыған сома мемлекет есебінен төленуі керек. Қойма иесіне сотқа жүгіну бойынша кеңес беріліп, іс прокуратураға жіберілді.

«Уақытша қойма өтінімі бойынша процестік шығындар түзеледі,  олар тергеушіге барады, контрабанда заттарын сақтадық деп айтады. Осының негізінде тергеуші бұл шығындар процесстік шығындарды тану туралы қаулы шығаруы тиіс. Осы құжат негізінде Уақытша сақтау қоймасы ақшаны өндіріп алады», – деді деп жауап берді Қарағанды көлік прокуратурасының прокуроры Азамат Сәрсенбаев.

Өз кезегінде Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметі тарапынан барлық сәйкес шаралара қабылданғанын жеткізді.

«Тергеуші өз жұмысын орындады – жеке дәлелдемелер беру туралы ұйғарым жіберді. Онда бір ғана мәселе «РусСтатКаз» ЖШС өзі контрабандыны қайтарғысы келмейді, өйткені бастапқыда олар бір-бірімен байланыста болған. Уақытша сақтау қоймасының процестік шығындарын мемлекет есебінен өндіріп жатыр. Өкінішке қарай бізде дәл осы процедура қазір жоқ. Сондықтан біз істі қайта қараймыз, және ЖШС өкілдері процестік шығындарды мемлекет есебінен қарау туралы өтініммен шыққаны қажет», – деді Қарағанды облысы Экономикалық тергеу қызметі аға тергеушісі Олжас Мұсабеков.

  Істі қорытындылай келе Кеңес екі кәсіпкер бойынша іс толық шешілгенше бақылауда ұстау бойынша шешім қабылдады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер