«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Полиция қызметкерлері кәсіпкерге жала жауып, жұмыс көрсеткіштерін жақсартпақ болған

2019 жылғы 21 Маусым
- Қарағанды облысы
4748 просмотров

Қарағанды полицейлері өз жұмыстарының көрсеткіштерін қолдан жақсартқылары келген 

Тәртіп сақшылары іс жүзінде болмаған алкоголь сатылымы үшін дүкен иесіне  қатысты хаттаманы «ойдан шығарған». Аталған іске Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары араласып, құқық бұзу фактісінің болмағанын дәлелдеп шықты.

Дүкен иесіне жазылған хаттамада: «дүкенде клиентке бір бөтелке арақты кешкі сағат 21:00-ден кейін сатқан» делінген. Бұл құжат айқын бұзушылықтармен, оның үстіне орын алған-мыс бұзышылықтан соң екі күннен кейін жазылған. Бизнес ханым Лариса  Краснощекованың айтуынша, полиция қызметкерлері мас адамды тауып, оны дүкенге әкеп, әлгі адам дәл осы жерде кешкі уақытта арақ алғанын айтқан.

 Пришахтинскіде дүкеннің иесі Қарағанды облысы Кәмсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Дүкенге қатысты іс Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау кеңесінің отырысында қаралды.

 «Краснощекова» жеке кәсіпкерліктің жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағымы бізге сәуір айында келіп түсті. Кәсіпкер атына  кешкі 21:00-дейін алкоголь сусынын сатқаны үшін хаттама толтырылған. Заңға сәйкес кешкі уақытта күшті алкоголь сусындарын сатуға тыйым салынған. Біріншіден, кәсіпкердің өзі хаттама толтырған уақытта болмаған. Кәсіпкерге өз құқықтары түсіндірілмеді. Екіншіден, алкоголь 10 сәуір күні сатылған болса, хаттама екі күннен соң – 12 сәуір күні толтырылған. Үшіншіден, полицейлер хаттамсында екі куәгердің аты-жөні жазылғанымен, қолдары қойылмаған. Сонымен қатар хаттамаға 21:00-ден кейін алкоголь сатылғанын айғақтайтын ешқандай құжаттар қоса берілмеген. Нәтижесінде біз сотқа жүгіндік. Сот даулары барысында құқық бұзу фактісі дәлелденбеді, құқық бұзу құрамның болмауы себепті іс жүргізу тоқтатылды», – деп хабарлады Қарағанды ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Юлия Олейник.

Сондай-ақ, Палата сарапшылары соңғы кезде кәсіпкерлер тарапынан осындай шағымдар көбейгенін айтты. Аталған мәселе Қарағнды облысы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің маусым айындағы отырысында талқыланды.

 Жиынға жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Евгений Әбішев қатысты. Оның айтуынша, алдында өткен Кеңестің қорытындысы бойынша, қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, хаттаманы дұрыс ресімдеуге қатысты қызметкерлермен жұмыс жүргізілді.

 Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары кәсіпкерлерді егер заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда дереу Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шақырады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер