astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
задаток
кепілақы / кепілақша / қардар

Келісімшартты бекітетін бір тараптың екінші тарапқа алдағы төлемнің есебінен беретін ақшалай сома көлемі; келісімшарттың жасалғандығына және оның орындалуына дәлел ретінде қызмет етеді.

ауыспалы кепілақы — переменный задаток бастапқы кепілақы — первоначальный задаток кепілақы төлеу — внести задаток кепілақыны анықтау — определить задаток

задаток
кепілпұл / кепілақша

Келісімшартқа қол қойған тараптардың бірінің екінші тарап­ қа осы келісімшартқа қол қойылғанының айғағы ретінде беретін ақшалай қаражаты. Кепілпұл / кепілақша келісімшартта көрсе­ тілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету функциясын ат­ қарады.

кепілпұл / кепілақша беру — дать задаток кепілпұл / кепілақша беруші — лицо, вносившее задаток

задолженность
берешек

Жоспарланған міндеттемелердің өз мерзімінде орындалмауы себепті төленуге / қайтарылуға тиісті құн

берешегі бар — имеется задолженность дебиторлық берешек — дебиторская задолженность кредиторлық берешек — кредиторская задолженность

заём
қарыз

Келісімшарттың бір нысаны. Бір тарап (ол қарыз беруші деп аталады) екінші жаққа (қарыз алушыға) басқару үшін неме­ се жеке меншігі ретінде пайдалануы үшін ақша қаражатын, яки басқа заттарды береді. Қарыз алушы белгілі бір шарттарға сәйкес, көрсетілген мерзімде қайтаруға міндетті болады

қарыз ақша — заёмные деньги қарыз алушы — заёмщик қарыз алушының төлем қабілеттілігі — платёжеспособность заёмщика қарыз беруші — заимодавец қарыз бойынша шығындар — затраты по займам қарыз капиталы — заёмный капитал қарыз келісімшарты — договор займа қарыз қаражат нарығы — рынок заёмных средств қарыз қаражаты — заёмные средства қарыз ұстаушы — заимодержатель қарызгер — заёмщик қарызға алу — брать в заём қарызды өтеуге қызмет көрсету — обслуживание займа қарызды төлеуден босату — освобождение от уплаты займа қарыздың айналым қаражаты — заёмные оборотные средства қарыз болып қалмау — не оставаться в долгу қарызға алу — взять в долг қарызға бату — влезть в долги қарызға белшесінен бату — погрязнуть в долгах қарызға беру — дать в долг қарыздарын төлеп құтылу — расплатиться с долгами қарызын өтеу — погасить долг қарызгер — должник

заказ
тапсырыс

Тауарды, өнімді, қызмет түрлерін сатып алу ниетін айқын білдіру мақсатында сатып алушы тарапынан жіберілетін құжат. Тауардың, өнімнің жеткізілімін, басқа да жағдайларға қатысты мәміле жасасу баяндалатын құжат

тапсырыс беру — дать заказ тапсырыс қабылдау — принять заказ тапсырыс құжаты — документ по заказам тапсырыстар қоржыны — портфель заказов тапсырысшы — заказчик

закладная
кепілхат

Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өз мақсат­мүдделерін жүзеге асыру үшін өзіне тиесілі, өз меншігіндегі мүлікті (жерді, ғимаратты, пәтерді және т.б.) екінші тараптың иеленуіне, кепілге салуына келіскендігін білдіретін заңды және құнды құжат. Кепіл­ хат — жаңа, заңды құбылыс ретінде, әсіресе ипотекалық қарым­ қатынастардың реттелуінде кеңінен таралған маңызды құжат­ тардың бірі.

кепілхат беру — дать закладную кепілхатқа қол қою — подписать закладную кепілхатты ресімдеу — оформить закладную

заключение — итог
қорытынды

Мекеменің, кәсіпорынның, ұйымның немесе комиссия мен жеке маманның нақты бір мәселе (жылдық есеп беру, бақылау жүргізу, жобалар мен бағдарламалар және т.б.) бойынша пікірі баяндалатын құжат.

алғашқы қорытынды — первый итог асығыс қорытынды — поспешное заключение бiрiншi қорытынды — первый итог байқаудың қорытындысы — итог конкурса бастапқы қорытынды — первоначальный итог дауыс берудiң қорытындысы — итог голосования дәрiгердiң қорытындысы — заключение врача дұрыс қорытынды — правильное заключение жалпы қорытындылар — общие заключения жартыжылдық қорытынды — полугодовой итог жартыжылдықтың қорытындысы — итог полугодия жарыстың қорытындысы — итог соревнования жиналыстың қорытындысы — итог собрания жұмыстың қорытындысы — итог работы жылдық қорытынды — годовой итог жылдың қорытындысы — итог года зерттеудiң қорытындысы — итог исследования келiсiмнiң қорытындысы бойынша — согласно заключительной части (заключению) договора комиссияның қорытындысы — заключение комиссии қате қорытынды — ошибочное заключение қорытынды беру — дать заключение қорытынды жасау — сделать заключение қорытынды шығару — сделать / вывести заключение қорытындыға келу — прийти к заключению қорытындының негiзiнде — на основании заключения қорытындысы бойынша — по итогам / согласно итогам қорытындысында — в заключении / в итоге маңызды қорытынды — важное / существенное заключение мәжiлiстiң қорытындысы — заключение совещания нақты қорытынды — конкретное заключение негiзсiз қорытынды — необоснованное заключение оң қорытынды — положительное заключение сайлаудың қорытындысы — итоги выборов салмақты қорытынды — обоснованное заключение сарапшының қорытындысы — заключение эксперта соңғы қорытынды — последний итог терiс қорытынды — отрицательное заключение

залог
кепілзат

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі

кепілзат беру — дать залог кепілзат беруші — залогодатель кепілзат ұстаушы — залогодержатель

заместитель
орынбасар

Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды басқарушы лауазымды адамнан кейінгі екінші (үшінші) лауазымды тұлға.

бастықтың орынбасары — заместитель начальника мекеме бастығы бiрiншi орынбасарының қолы — подпись первого заместителя начальника учреждения мекеме бастығының бiрiншi орынбасары — первый заместитель начальника учреждения мекеме бастығының орынбасары — заместитель начальника учреждения

запасы
босалқы қор

Дәл қазіргі кезеңде өндірісте қолданылмайтын шикізат, мате­ риалдар, отын, дайындалатын өнімнің үлгілері түріндегі материал­ дық құндылықтар. Жұмыстың тоқтап қалмауы, өнімнің үздіксіз дайындалуы мақсатында қажетті ресурстардың сақталынуы

босалқы қор деңгейі — уровень запасов босалқы қор мөлшері — норма запасов босалқы қорды қайта бағалау — переоценка запасов босалқы қорды сыныптау — классификация запасов босалқы қорды түгендеу — инвентаризация запасов босалқы қордың құнын нақтылау — уточнение стоимости запасов стратегиялық запас — запасы стратегические қолдағы босалқы қор — запас располагаемый

Еншілес ұйымдар

Серіктестер