astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
дотация
демеуқаржы / дотация

(лат. dotatio — жәрдем) Заңмен белгіленген тәртіпте өтеусіз және қайтарусыз негіз­ де берілетін бюджеттік қаражат сомасы. Негізінен төменгі дең­ гейдегі бюджеттерге нақты мақсаты көрсетілмей, ағымдағы шығысқа бөлінетін қаржылай көмек сомасы демеуқаржы деп ата­ лады. Демеуқаржы бөлу өндірістің нақты жағдайларына ретте­ летін баға сәйкес келмеген реттерде; әлеуметтік маңызды тауар­ лардың бағасын шартты түрде бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін; өндірісті ұйымдастыруда жетіспеушіліктер болған жағдай­ да; өндіріс саласының шикізат қорында өзгерістер болған жағдай­ да бөлінеді.

демеуқаржы бөлу — выделить дотацию демеуқаржы мөлшері — размер дотации

доход
табыс

Мемлекеттің, жеке тұлғаның, заңды тұлғаның белгілі бір мер­ зім аралығында атқарған қызметінің нәтижесінде алған ақшалай қаражаты немесе материалдық құндылықтар

табыс активтері — доходные активы табыс декларациясы — декларация дохода табыс деңгейі — уровень дохода табыс динамикасы — динамика дохода табыс көзі — источник дохода табыс мөлшерлемесі — ставка дохода табыс пен шығын есебі — учёт доходов и расходов табыс салығы — подоходный налог табыс салығынан жасалатын шегерімдер — скидки подоходного налога табысқа салық салу — налогообложение дохода табыстағы айырма — разница в доходах табыстар мен шығыстар балансы — баланс доходов и расходов табысты бөлу жүйесі — система разделения дохода табысты қайта бөлісу — перераспределение дохода табысты меншіктенуші — собственник доходов табысты реттеу — регулирование дохода таза табыс — чистый доход

доход
кіріс / табыс

азаматтардың кірісі / табысы — доход граждан ақшалай кіріс / табыс — денежный доход банк кіріс / табысы — доход банка бюджет кірісі / табысы — доход бюджета жалпы кіріс / табыс — валовой доход жалпы табыс — валовой доход жоспардан тыс кіріс / табыс — внеплановый доход жылдық кіріс / табыс — годовой доход кепілдікті кіріс / табыс — гарантированный доход кәсіпорын кірісі / табысы — доход предприятия мемлекеттік кіріс / табыс — государственный доход облигациялар бойынша табыс — доход по облигациям халық табысы — доход населения

дочерний
еншілес

Енші (этн.) — ата­ананың балаға бөліп беретін мал­мүлкі, үлесі. Иелігінде болу, меншіктілік. Меншіктес, ортақтас. Қазіргі нарықтық экономикада осы этнографиялық ұғым негізгі кәсіп­ орынның қарамағынан таралатын шағын кәсіпорындарды атау үшін экономикалық термин ретінде алынған

еншілес қоғам — дочернее общество еншілес шаруашылық серіктестік — дочернее хозяйственное товарищество

единовременный
біржолғы

Бір мәрте атқарылатын іс­қимыл

біржолғы алым — разовый сбор біржолғы жәрдемақы — единовременное пособие біржолғы төлем — единовременная выплата біржолғы шығасы — единовременные издержки

единый
бірыңғай

Бөлінбейтін, тұтас.

бірыңғай ақша бірлігі — единая денежная единица бірыңғай ақша жүйесі — единая денежная система бірыңғай бағалама — единая расценка бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры — единый накопительный пенсионный фонд бірыңғай кәсіпкерлік мөлшерлеме — единая предпринимательская ставка бірыңғай өндірім нормалары — единые нормы выработки бірыңғай тарифтік тор — единая тарифная сетка бірыңғай төлем құжаты — единый платёжный документ бірыңғай фрахт мөлшерлемесі — единая фрахтовая ставка

жалоба
арыз / шағым

Құқықтың және заңды мүдделердің бұзылғаны туралы баян­ далып, уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамның атына арналып ресімделетін жазбаша ресми іс қағазы

арыз айту — выразить жалобу арыз беру — подать жалобу арыз бойынша — в соответствии с жалобой арыз жазу — писать (написать) жалобу арыз иесi — податель жалобы арыздың мазмұны — содержание жалобы

жалоба
шағым

Ресми іс қағаздарының бір түрі. Жеке адамдардың немесе заңды тұлғаның заңды құқықтарына қайшы келетін жағдайлар туындағанда, қабылданған шешімдер мен міндеттемелер орын­ далмаған реттерде жазылады.

шағым беру — подать жалобу шағымдану — обжалование шағым-талап — рекламация

заверенный
куәландырылған

Мөрмен бекітілген, қол қойылған

куәландырылған кепілзат — заверенный залог куәландырылған көшірме — заверенная копия куәландырылған чек — заверенный чек куәлік — удостоверение жеке басының куәлігі — удостоверение личности

завещание
өсиетхат / өсиетнама

Белгілі бір жеке тұлғаның мұрагерді нақты көрсете отырып, өз жеке меншігіндегі мүлік туралы ұйғарымы, шешімі көрсетіле­ тін жазбаша құжат түрі.

заң бойынша өсиетхат — завещание по закону мұра бойынша өсиетхат — завещание по наследству өзара өсиетхат — взаимное завещание өсиетхат қалдыру — оставить завещание талап қойылған өсиетхат — завещание с условием

Еншілес ұйымдар

Серіктестер