Заңгерлердің халықаралық қауымдастығының пікірінше, омбудсмен институты – Ата заңмен, яки биліктің заң актілерімен қарастырылған, тәуелсіз танымал тұлға басқаратын қызмет түрі. Ондай тұлға Елбасы алдында жауап береді. Кәсіпкерлерден шағымдарды қабылдайды. Мемлекеттік органдардың заңсыздықтарын әшкерелейді. Соларға сай заң бұзушылықты тіркеп, іс қозғайды. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Кәсіпкерлік ортаның мүддесін заң аясында сақтайды. Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауының нақты жүйесі осы омбудсмен институтымен тікелей байланысты. Кәсіпкерлікті Президенттік бақылауда ұстау өзге елдерде оң нәтиже беріп, тиімді екенін көрсетті. Кәсіпкерлер күнделікті бетпе бет келетін түрлі бюрократиялық қитұрқыларды шешуге септеседі. Қазіргі таңда омбудсмен институты билігі әрқилы 50 аса елде бар: Президенттік республикалар (Финляндия, Франция, АҚШ), парламенттік республика (Швейцария, Австрия, Германия), конституциялы монархия (Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Австралия, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада). ҚР Президентінің «ҚР кәсіпкерлікті дамыту жағдайын жақсартуға арналған шұғыл шаралар туралы» жарлығына сай 2014 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚР Үкіметіне ҰКП рөлін арттыратын заңды жасау тапсырылды. Оның ішінде бизнес-омбудсмен институты енгізілді. 2014 жылдың 29 желтоқсанында «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» туралы заңы шықты. Онда кәсіптік омбудсменнің құқықтық мәртебесі, нормалары, қызметі, тағайындалу тәртібі, міндеті, қызметін ұйымдастыру толық айтылған. 2016 жылы 1 қаңтарда ҚР Кәсіпкерлік кодексі енгізілді. Сондағы 28 тарауда кәсіптік омбудсменнің құқықтық мәртебесі туралы анық айтылған. Жаңа құрылымнің қызмет аясы кең. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың тексерісі аясында сан алуан өкілеттілігі бар. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқын қорғау өкілдігі 2016 жылы 19 ақпанда Елбасының бұйрығымен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов тағайындалды.
Палата туралы
Хабарландырулар
Бизнесті қорғау
Кәсіпкерлерді қолдау
- Бизнеске қаржылық емес қызмет көрсету
- Агроқұзыреттілік орталығы
- Дуальдық оқыту туралы
- Бастау-Бизнес
- Бизнес мәселелері жөніндегі комиссиялардың хаттамалары
- Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесі
Өңірлік кеңес
- Өңірлік Кеңес
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Машина құрастыру жөніндегі кеңесі
- Жеңіл өнеркәсіп кеңесі
- Құрылыс жөніндегі кеңесі
- Энергетика және ТүКҚ кеңесі
- ШОБ және сауда кеңесі
- Ауыл шаруашылығы кеңесі
- IT кеңесі
- Тау-кен өнеркәсібі кеңесі
- Туризм кеңесі
- Адами капиталды дамыту кеңесі
Жауапты таппадыңыз ба? Бізге cұрақты жіберңіз, біз оған нақты жауап береміз!
Получить консультацию можно позвонив в контакт-центр НПП РК «Атамекен» 1432