«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 ұйымдастырылуына лайықты үлес қосады

2014 жылғы 07 Қараша
- Қарағанды облысы
10775 просмотров

Бүгін Қарағандыда Қарағанды облысы әкімдігі, «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай-ақ мүдделі компаниялардың және халықаралық көрмеге әлеуетті қатысушылар – инноваторлардың қатысуымен өңірдің Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қатысу мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Сонымен, облыстың құрылыс материалдарын, технологиялар өнідірісі, туризм, «Болашақ энергиясы» бағытындағы инновациялық зерттемелер саласындағы әлеуетті мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, өңір әкімдігі облыстың құрылыс индустриясынан көрме ұйымдастырып, онда 60-тан астам салалық кәсіпорын өз өнімдерін көрсетті. Мысалы, «Ютария ltd» ЖШС ЭКСПО инфрақұрылымы нысандарын тігін өнімдерімен қамтамасыз етуге бағдарланған тақырыптық экспозициясын жайып салды.

Жиналыс соңында Қарағанды облысы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімдер Қарағанды облысы экспозициясының ЭКСПО-2017 Көрмесінде Қазақстан Павильонында және Үздік тәжірибелер аймағында орналасуын, 2017 жылы Өңірлер жәрмеңкесіне қатысуын, туристердің Қарағанды облысында болуы мен орналасуындағы жайлылықты және басқаларын көздейді.

Сондай-ақ өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды «Астана ЭКСПО 2017» ұйымдастырушы бас мердігерлер өкілдері - «АБК Құрылыс-1» ЖШС және «Базис» Құрылыс компаниясы» ЖШС және өңір кәсіпорындары - «Power Beton» ЖШС, «Smarttex.kz» ЖШС, «Имсталькон» Қарағанды металл құрылыс зауыты» ЖШС, «Гартекс» ЖШС және «Venteco» ЖШС өз қолдарымен бекітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер