«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сарапшылар 2015 жылы экспорт 50% түседі деп күтуде

2015 жылғы 17 Маусым
- Қарағанды облысы
15666 просмотров

«Жұмсалғанды қайтарғылары келмейді, жобалар мақұлданбайды, өндіріс дамымайды, жалпы, қуантарлық дүниеміз көп емес». Қарағандыда өткен өңірлік Экспортшылар кеңесінің отырысындағы талқылаудың негізгі тезистері осындай болды.

Қарағанды облысының тауар өндірушілері қатаң жағдайда тіршілік жасап келеді – оларда жеңілдіктер жоқ, осы уақытқа дейін болған босаңсытулар биылғы жылы тоқтатылды, ал банктер оларға арзан кредит бермейді.

Түскі үште болады деген Кеңес отырысы жарты сағат бұрын басталды. Он шақты экспортшы-бизнесмен үстел басына жайғасқан бетте, амандасу жоралғысын жасамастан, бірден түйткілдерді қызу талқылауға көшті. Олардың негізгісі – қосылған құн салығына салықты қайтару.

KAZNEX INVEST басқарушы директоры Ғазиза Шаханова қарағандылық кәсіпкерлердің ҚҚС қайтару сызбасы бойынша қайтарудан күдерін үзген соманы естіп, таңқалды. Бір ғана «Коунрад» мыс компаниясы» ЖШС 1,2 млрд теңгені мәлімдеп отыр. Қазақмыс 209 млн күтуде, «Сантехпром» ЖШС - 280 млн.

Сомаларды қайтару бойынша ұзаққа созылған оқиғаның себебі – мемлекеттік табыс комитетінің тәуекел дәрежесі бойынша кәсіпорын біліктілігі жағынан қаулыға енгізген өзгертулері. Барлығы 4 санат бар. Ендігі жерде экспортшы ҚҚС қайтару туралы өтініш берген жағдайда 7 күн ішінде ол тек санаттардың біріне жатқызылады, және де, дәрежесіне сәйкес, 60-180 күн ішінде қайтару мәселесі қаралады.

Сызбасы күрделі емес сияқты. Бірақ құйтырқылығы да жоқ емес. «Экспортқа арнап өндір!» деген көпірме үндеулерге қарамастан, әрекет етуге түрткінің жоқтығы анықталды. Экспортшы компаниялар тәуекел санаттары бойынша «жетінші буынға дейін» тізбегінде жалған кәсіпорын жеткізушілері болды ма, экспортшымен келісімшарты болған кәсіпорындар арасында жабылғаны бар ма, кәсіпорынның жалпы айналымында экспорттық операция үлесі 70 пайыздық үлеске жете ме, осының бәрі тексеріледі. Ғазиза Шаханова әлемдегі ешбір елде ҚҚС қайтармау үшін осынша кедергі келтірілмейтініне назаланды.

Оның айтуынша, әкімшілік ресурстарды қолданатын болсақ, қайтару процесін жылдамдатуға болады.

«Мәселен, «АрселорМиттал Теміртау» қайтарылуға тиіс 12 млрд теңгенің әлі келмегенін, осының салдарынан еңбекақыны төлейтін қаражаты жоқтығын мәлімдеді. Сол кезде Үкімет қосылып, ақша табылады, ҚҚС қайтарылады. Яғни қала құрушы ірі кәсіпорын жағдайында сызба аса жылдам жұмыс жасайды», - деп атады KAZNEX INVEST өкілі.

Қарағанды облысы Мемлекеттік табыс департаменті қайтару мерзімінің тым созылып кететініне келісті, бірақ қолдарынан ештеңе келмейді – заңнама бойынша орынатылған ереже осындай.

«Осы ережелердің қайта қаралуы туралы мәселені көтеріп жатырмыз. Әуре-сарсаңы көп. Осы жылдың 5 айында барлық келіп түскен өтініштер арасынан ҚҚС қайтару 17% бойынша ғана мақұлданған», - деп хабарлады мемлекеттік табыс департаменті ҚҚС әкімшілік ету бөлімінің басшысы Сергей Печагин.

«Первый строительный трест» ЖШС директоры Виктор Симонянның бар құжаты қолында болса, жеткізушілер биографиясын тексерудің қажеті қанша деген сауалына салықшылар «ереже осындай» дегендей түк айта алмады.

«Біз «Эврика» жүйесімен жұмыс жасаймыз. Бұл барлық ұсыныстар түсіп тұратын ашық сайт. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен арада меморандум жасалған. Оның көмегімен жүйелік мәселелерді шешпекшіміз. Түйткілдер аз емес. Кейбірі заңнамалық деңгейде шешуді талап етеді. Осыған орай тікелей кәсіпкерлермен үнемі кездесулер өткізіп тұрамыз және толғақты мәселелерді Палата базасында талқылаймыз», - деді Сергей Печагин.

Ғазиза Шаханова тараптардың наразылықтарын тыңдап шығып, 2015 жыл қорытындысы бойынша экспорттың 78 миллиардтан 43 млрд теңгеге дейін екі есе қысқартылуы күтіліп отырғанын мәлімдеді.

«Қарағанды өңірі бойынша басты түйткілді түсіністік танытқысы келмейтін салық органдары жұмысынан көріп отырмын, осының салдарынан тауарлардың сыртқы нарықтарға шығарылуы созылып кетеді. Егер бұл осылай жалғаса беретін болса, біздің (KAZNEX INVEST – авт.) сізбен жұмысымыз жанаспайды. Өндірушілерде экспорттайтын, бізде субсидиялайтын дүние қалмайды, ал сіздерге салық түспейді. Биылғы жылдың өзінде 50% экспорттан айрылып отырмыз», - деп түйіндеді Ғазиза Шаханова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер