«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазынаға жақсы болғанмен, кәсіпкерге залалды

2015 жылғы 19 Тамыз
- Қостанай облысы
12622 просмотров

Қостанайлық бизнесмен 1,5 миллион теңге мөлшеріндегі салықтың күші жойылуын алға тартуда. Ол бұл салықтың заңсыз есептелгеніне сенімді және өзінің ақтығын Жоғарғы сотта қорғап шықпақшы.

Жеке кәсіпкер Михаил Обидный экспедиторлық қызметпен айналысады. Мемлекеттік табыс департаментінің қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс барысында оның қосылған құн салығын 105 млн теңге мөлшерінде төмендеткенін анықтаған екен. Мұндай қорытынды шот-фактураларда кәсіпкер қызметінің бейіні көрсетілуге тиіс жеке жолдың жоқтығынан жасалып отыр.

Ал заң бойынша экспедиторлық қызметтер ҚҚС салуға жатпайды, және де бизнесменнің Мемлекеттік табыс комитетінен алған ресми жауабы бар. Дегенмен де Михаил Обидныйға салықты үстеп салып, 225 мың теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

«Салықшылар сотта шот-фактурада көрсетпесеңіз, немен айналысатыныңызды қайдан білеміз деп алақан жаюда. Дегенмен, тексеру кезінде тапсырысшымен шарттарды, орындалған жұмыстар актілерін ұсынған болатынбыз. Сонда бәрі анық көрсетілген. Кемшіліктерімізді көрсетуге болады ғой. Сонда шоттарды түзетер едік. Заңда бұған жол беріледі», - деп баса көрсетті кәсіпкердің мүддесін танытушы заңгер Андрей Павлов.

Бизнесмен тобындағылар шоттарда арнайы жолдың болмауы салықтан жалтару емес, бухгалтерлік есепті бұзу ретінде белгіленуге тиіс дейді. Дей тұрғанмен, екі инстанция соты департамент ұстанымын қолдады. Бизнесмен Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының қолдауымен кассациялық шағым дайындады және тағы да жеңіліс тапқан жағдайда Жоғарғы сотқа дейін бармақшы.

«Бұл, шынымен де, озбырлық. Біздегі қолда бары тек айырма ғана және 1 млн теңгеге кем тауып отырмыз. Енді оны қалай төлейміз. Бизнесті қолдау деген қайда? Оның үстіне, бұл жалғыз біздің ғана басымыздағы жағдай емес екенін анық білемін. Мұндай есептеулер бюджеттен ҚҚС қайтарылуына өтінім берген әріптестерімізге де жасалды. Бірақ әзірше соңына жетуге бел буған біз ғана», - деп атады Андрей Павлов.

Әкімшілік айыппұлға келер болсақ, Палата сарапшылары оның есептеулерді бұзумен жасалғанын дәлелдеп шықты. ҚҚС бойынша айыппұл шаралары салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төлеуді ескере отырып қолданылады, ал салықшылар мұны ескермеген. Осылайша, сот соманы 225 мыңнан 80 мың теңгеге төмендетті. Палата кәсіпкердің соттағы әрекеттерін қолдауды жалғастырмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер