«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Девальвация Қарағанды облысындағы 70-80 кәсіпорынды қорғап қалды!

2015 жылғы 21 Тамыз
- Қарағанды облысы
14061 просмотров

Кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев теңге бағамының түзетілуі кімге тиімді, кімге тиімсіз екені жайлы ой қозғады

«Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі былтырғы жылдың күзінде – рубль құлдырап кеткен сәттен бері үнемі девальвация жүргізуді қолдаған болатын. Рубль төменге кеткен кезде кәсіпорындарымызға олармен сауда жасауға тиімсіз болып қалды, бәсекеге қабілетімізден айрылдық, себебі олар баға жөнінен ықтырып отырған еді», - дейді Серік Санаубаев.

Бизнесмен нақты мысалдар келтірді. «Сантехпром» ЖШС ванналар, жылу радиаторлары, душ кабиналары және басқа да түрлі өнімдер өндіреді. Олар жыл басында жай қоймаға ғана жұмыс жасады, себебі өнім өтпей қалды. Олардың ванналары өзіндік құны бойынша 10 мың теңгеден болды, ал ресейліктер – жеткізіп берумен, көліктік және басқа да шығындармен 8 мың теңге тұрды. Қалай бәсекелесуге болады? Әрине, тұтынушылар біршама арзан өнімді сатып алатын болады. Ақырында кәсіпорын тұрып қалды», - деді ол.

Ал жақында, қауымдастық басшысының айтуынша, «Сантехпромда» тағы бір түйткіл туындады: металл жеткізуге келісімшарт жасалған «АрселорМитталТеміртау» бағаны 50 долларға көтеріп жіберген. Кәсіпорын импорттық металл сатып ала алмайды, оған тек қазақстандықты сатып алуға мәжбүрлейді.

Серік Санаубаев «Сантехпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 350 адам жұмыс жасайтынын атады. Олар қысқарту жүргізген жоқ, бірдеңе қып аман қалды, бірақ сәл болмағанда жұмыскерлерін қысқартушы еді.

«Қазір девальвациядан кейін тұтынушылар қоңырау соға бастады. Енді біртіндеп Ресеймен баға теңеле бастайтын болады да, олар қазақстандық нарыққа ғана жұмыс жасап қоймай, экспортқа тауарлар жеткізетін болады», - деп қосты ол.

«Екінші мысал - «Найдоровское» ЖШС. Бұл бидай, түрлі дақылдар сататын; сонымен бірге шетелде сататын көлемді ауылшаруашылық кәсіпорын. Оларда валюталық түсім бар. Енді олардың да бәсекеге қабілеті артып, тауарларын сатып, теңгемен жақсы түсім алатын болады. Кәсіпкерлердің айтатыны: Бізге көмектесудің қажеті жоқ, әділетті шартпен жұмыс жасауға мүмкіндік берсеңіз болды… Беларусь девальвация өткізді, ресейліктер рублі «құлдырап кетті», басқа елдер де бағамды түзетті, ал біз созып жүрып алдық…», - дейді қауымдастықтың атқарушы директоры.

Ол сонымен бірге девальвация тиімсіз болатын кәсіпкерлердің де жоқ еместігін атап өтті. «Шағым жасап отырған да солар, себебі олардың долларлық келісімшарттары бар. Мұндай мысалдар күллі ел бойынша баршылық. Бірақ кәсіпорындардың негізгі бөлігі үшін девальвация – бұл қажетті шара. Оның үстіне, қазір бұл әлемдік тәжірибе, одан құтыла алмайсың. Қазақстан, әрине, бағамды ұстап тұруға тырысты, бірақ мемлекет үшін бұл да тиімсіз, себебі бюджет үлкен шығын шегіп жатыр», - деді Серік Санаубаев.

Сөйтіп, оның айтуынша, облыстағы барлық кәсіпорындардың шамамен 70-80 пайызы бағамды түзеткен соң қайта жанданады және бәсекеге қабілеті артады. «Жалпы, бизнес үшін, әсіресе өндіріс үшін бұл сауықтыру ролін атқарады деп ойлаймын. Біздегі экспорт ең алдымен Ресей мен Қытайға бағытталған. Ондай кәсіпорындарда девальвация оң әсерін беретіні сөзсіз. Бір ғана мәселе, оны ертерек өткізу керек еді – бұл көпшілік кәсіпкерлердің пікірі», - деп атады ол.

«Президентпен келісемін: қазір жең түре іске кірісіп, шығар жол, нұсқалар іздеуіміз керек. Бұл жағынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да, өңірлік палаталар да, салалық қауымдастықтар да бизнеске көмектесуге тиіс – бір жерде консультация беріп, бір жерде қолдау қажет. Қазір кәсіпорындарда жұмыс жасайтын халыққа бәрін де дұрыс түсіндіргеніміз аса маңызды», - дейді қауымдастық басшысы.

Серік Санаубаев сонымен қатар девальвацияның перспективаға жүргізілгені жайлы ой айтты. «Қазір ешкім де бір сәтте ешқандай пайда таппайды. Бұл стратегиялық шешім, сондықтан да бәрін есептеу отыру керек. Егер кәсіпкер бәрін дұрыс жасайтын болса, бәрі де жақсы болады», - деп жалғады сөзін ол.

«Егер девальвацияны жүргізбей, валюта дәлізін сақтауды жалғастырар болсақ, бәріміз де тұншығып қалар едік. Кәсіпорын ең құрымаса өзін сақтап қалу үшін, адамдарды жұмыстан шығара бастаушы еді, себебі жұмыс жасау мүмкін болмас еді, өндірістер тұралап қалушы еді. Бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының ешқайсысы іске аспай қалар еді. Бюджет ақшасы да босқа кетеді. Бәсекеге қабілеттілік болмай, ештеңе сатылмай қалады. Әлемде бәрі де сақталғанша, мұнай, металл бағалары көтерілгенше күтуге болады… Бірақ ол қашанға созылады? Егер бәрін бүлдірсек, қайтадан құру қиын болады. Сондықтан да экономика тұрғысынан өте дұрыс әрі қажет шешім болды. Көптеген кәсіпкерлер мұны қолдайды», - деп қорытты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер