«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа бағам – жаңа мүмкіндіктер

2015 жылғы 27 Тамыз
- Ақтөбе облысы
10728 просмотров

Теңгенің еркін бағамына көшу қазақстандық тауар өндірушілердің ресейліктермен бәсекелесуіне мүмкіндік береді

Ақтөбе облысындағы ірі сүт зауыты «Айс» ЖШС басшылығы ресейлік қышқыл сүт өнімімен бәсекелеспекші. Компания қуаттылығын көтеріп, көршілес Ресейдің тұтынушылық нарығына экспортты жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Күн сайын сүт-тауарлы фермадан қайта өңдеу зауытына 20 тонна жаңа сауылған сүт түсіп отырады. Тәулігіне мұнда бірнеше тонна айран, қаймақ шығарыдып, сағатына 6 мың бөтелке йогурт құйылады.

Теңгенің еркін бағамына көшу жергілікті тауар өндірушілердің ресейліктермен бәсекелесуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне, көршілес Орынборда «Айс» сүтінің, айранының дәміне баға беріп қойған.

«Өнімімізді өткізуде үлкен қиындықтарға ұшырадық. Біздің нарыққа ресейлік және белорустық өнім жаппай төмен бағамен келе бастады. Жаңа бағамға көшумен байланысты тауарымыз біршама бәсекелесе бастады», - деп қуануда «Айс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов.

Былтыр компания сүт кластерін дамытуға 180 миллион теңге жұмсаған. Жеңілдікті кредитке жабдықтары жаңартылды. Зауыт балмұздақ шығару үшін жаңа желі сатып алды. Тағы бір сүт-тауарлы ферма салу және қатты ірімшік өндірісін іске қосу жоспарда тұр.

«Импорттық өніммен бәсекелесу үшін, сұрыпталымды 70 атауға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Жақында неміс жабдығымен жарақталған жаңа цехты іске қосамыз, сүзбеден жасалған ірімшіктер шығаратын боламыз», - деп бөлісті зауыттың бас инженері Қуантай Әбішов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер