«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылға арналған бизнес-идеялар

2015 жылғы 27 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
23539 просмотров

Ауылда немен айналысуға болатынын білмейсіз бе? Онда Кәсіпкерлікті қолдау орталығына консультация алуға келіңіз

Жамбыл ауданының тұрғыны Роза Смағұлова да дәл осылай жасады. Ол мал шаруашылығымен айналысу идеясын көптен бері ойлап жүрген еді, бірақ неден бастарын білмейді. Біріншіден, бизнестің бұл түрімен айналысу үшін ақшасы жетпейді, ал банктен үлкен пайызды кредит алу онша тиімді болмас еді. Бірақ өзінің шағын ғана үй шаруашылығының арқасында мал өсіруде тәжірибесі бар еді, сондықтан да СҚО Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалына жүгінеді.

Роза Қабдұлқызы кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары бойынша консультация алған соң, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын таңдайды. КҚО консультанттары оған 5 жылға демалыстар ұсынумен жылдық 6 пайызбен кредит алу үшін қажет құжаттарды жинауға көмектесті. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінеде көмек көрсетілді.

Бірақ Роза Қабдұлқызы бизнесін бастамас бұрын, ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» жобасының аясында екі күндік оқудан өтті. Содан, үстіміздегі жылдың шілде айында 2 млн теңге көлеміндегі кредит алады. Алған қаражатқа 7 сиыр мен 30 қой сатып алып, етті және сүтті өнім шығаруды жоспарлауда.

Соңғы кездері ауыл тұрғындарының жұмыс іздеп үлкен қалаларға кетіп жататыны ешкімге де құпия емес. Ережеге сай, мұндай еңбек миграциясының салдары  шағын ауылдар мен кенттердің жойылуына әкеледі. Бірақ Роза Смағұлова басқа жолды таңдап, табыс көзін жеке іс ашудан тауып отыр.

Бір айта кететіні, жыл өткен сайын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша кредит алуды қалайтындардың саны өсіп келеді. Жыл басынан бері Жамбыл ауданында 10 жоба мақұлданып, оның төртеуін бұрынғы жұмыссыз тұлғалар бастамалаған екен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер