«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қолданыстан тыс жатқан қаржы мен жер

2015 жылғы 06 Қараша
- Ақмола облысы
12263 просмотров

Кәсіпкерлердің бизнесті дамыту үшін кредит және жер телімін алуы көбіне қиынға түсіп жатады

Лицензия және өзге де рұқсат ету құжаттарын алу кезіндегі әкімшілік кедергілер Ақмола облысындағы бизнестің дамуы үшін басты кедергі болып табылады. Кәсіпкерлерді көбінесе мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік мәселесі толғандырады. Астана қаласы Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттік (ИТЗА) осындай деректер келтіреді.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі биылғы жылы Өңірлік даму картасын дайындау болып табылатыны белгілі. Жоба 2015 жылғы шілде айында бастау алып, желтоқсан айында аяқталуға тиіс болатын. Палата осының аясында бірқатар іс-шаралар өткізді: күллі өңірдегі 500-ден астам кәсіпкерден сауалнама алынды, бизнес-қоғамдастықпен сұхбат жүргізілді.

ИТЗА ұсынылған деректер негізінде Ақмола облысының әлеуетті өсу нүктелері мен мүмкіндіктеріне талдау жүргізді. Жалпы, Агенттік берген деректер бойынша, өңірдегі іскерлік ауан орташа ретінде бағаланып отыр. Аналитиктер ойынша, кредит қаражаты мен жылжымайтын мүліктің қолжетімділігі, білікті мамандар тапшылығы мәселелері де түйткілді болып табылады. Кәсіпкерлер кредит алу кезінде негізінде пайыздық мөлшерлеменің жоғарылығы (мұны респонденттердің 70 пайызы атады) және кепілдеме берудің міндеттілігі (52,5%) түйткіліне ұшырасып отырады. Сонда әрбір бесінші кәсіпкерге бизнесті қолдау үшін қаражат жеткіліксіз.

Жер телімдерінің қолжетімділігі бойынша сұралғандардың 14%-ы мүлдем қолжетімсіз екенін, қалған 45% оны сатып алуда қиындыққа кездесетінін атады. 21% сұралғандар жер үлесін жалдауға қол жеткізе алмаса, 41% оны ресімдеу кезінде қиындыққа ұшырайды. Үштен бірі өндірістік және қойма жайларын сатып алуда және/немесе жалдауда қиындық боп тұратынына шағымданады.

Кәсіпкерлермен кездесулерде кедергілер мен шектеулердің кәсіпорын, сала өлшемі мен қызмет түріне тығыз байланыстылығы анықталды. Ірі және орта кәсіпорындар үшін өткізу нарығы, кадрлар, шикізат шектеу болады. Шағын кәсіпорындар үшін қаржыландыру мәселесі бірінші кезекте тұр.

«Өңіріміз үшін дәстүрлі АӨК, өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, туризм, сонымен қатар баламалы энергетика сияқты сала келешегі бар бағыт ретінде айқындалып отыр. Палата тұтынылатын өнімдегі импорттың орнын алмастыру қажеттігін ескере отырып, жергілікті атқару органдарымен бірге инвестициялық жобаларға іріктеу жүргізеді», - дейді ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Фатима Герфанова.

Өңір кәсіпкерлері үшін Картаның түрлі факторларды ескере отырғанда (өңірдің салалық мамандануы; ресурстық әлеует, өткізу нарығы, инфрақұрылымның болуы және т.б.) өзінше бір жолбасшыға айналатынын атап өтейік. Онда шикізатты іздеуден бастап, өткізу нарығы, инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жоспарлаумен, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетумен аяқтай отырғандағы бизнесті құрудың толық циклын алдын-ала пысықтау келтірілген салалар мен өңірлер қимасындағы бизнес дамуының нақты бағыттары көрсетілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер