«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын қаладағы үлкен қуаныш

2016 жылғы 14 Қаңтар
- Қарағанды облысы
11423 просмотров

Қаржылай қолдау кәсіпкердің моноқалада бизнес ашуына көмектесті

«Бизнес‑кеңесші» жобасының аясында біліммен қаруланған Татьяна Герасименко мемлекеттің қаржылай қолдауын пайдаланып, Қарағанды облысындағы туған қаласы Қаражал қаласында балаларға арналған ойын‑сауық орталығын ашты.

Қалада осындай орталық ашу идеясын кәсіпкер бір жыл бұрын ойластыра бастаған еді. Содан Татьяна туып‑өскен өңірінде балаларға арналған демалыс орталығын неге ашпасқа деген ойға келеді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар, балаларын облыс орталығына апарып келуге мүмкіндігі жоқ көп балалы және толық емес отбасылар тұрып жатыр. Ал балалардың уақытын көңілді өткізетін орындар қалада жоқтың қасы.

Татьяна Герасименко осы идеямен Қаражал қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгініп, онда кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы‑2020» Бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы жайлы айтып береді және бизнес‑жоспар құруға, қажет құжаттарды жинауға, «Бизнес‑кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтуге көмек көрсетілді. Осыдан кейін гранттық қаржыландыру түріндегі кешенді қолдау алады.

Жақында қаражалдық балалар мен ата‑аналардың арманы орындалды. Қалада лабиринт, үрлемелі батут, тир, үстел хоккейі, ойын қосымшалары сияқты аттракциондардан тұратын балалардың демалыс орталығы жұмысын бастады. Аттракциондар билетінің құны 200 теңгеден басталады. Ашылу күні балалар көңіл‑күйлерін жасырмастан, барлық аттракциондарды бірнеше сағат бойы тегін сыннан өткізді. Кәсіпкердің алда да мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін әлеуметтік сеанстар өткізіп тұрғысы келетінін атап өту керек.

Балалар мен ата‑аналар ойын‑сауықпен бірге балмұздақ, попкорн, тәттілерден ауыз тие алады.

Бірақ Татьяна осымен тоқтап қалмақшы емес. Ол балалардың жыл он екі ай көңіл көтеруін ойлап, жалға алған саябағында аттракциондар орнату үшін, мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланбақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер