«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бюджетті кәсіпкерлер есебінен үнемдеу

2016 жылғы 03 Ақпан
- Қарағанды облысы
13142 просмотров

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Абай қаласының кәсіпкерлеріне өз қаражаттарын қатты үнемдеуге тура келеді.

Өз жұмысын енді бастаған «Абайлық жылу жейелері» жылумен қамтамасыз ету компаниясы бизнес саласында қызмет ететін мекемелер үшін бағасы осыған дейінгі тарифтерден үш есе қымбат тарифтер белгіледі. 

Бір жұма бұрын жаңа тарифтер облыстық газетте жарияланған. Хабарландыруда ұсынылған ақпаратқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің бұйрығымен жылу энергиясын беру, оны бөліп тарату және жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифі бекітілген. Бекітілген тарифке сәйкес жеке тұлғалар үшін аталмыш тарифтің 1 Гкал үшін бағасы ҚҚС есептемегенде 2214 теңге, өзге тұтынушылар үшін 1 Гкал – 5981,56 теңге мөлшерінде бекітілген. Өзге тұтынушылар қатарына кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын барлық коммерциялық кәсіпорындар жатады. 2016 жылдың 1 ақпанына дейін коммерциялық тұтынушылар үшін жылу энергиясының 1 Гкал бағасы 2050,14 теңгені құрады, яғни бұл көрсеткіш жаңа тарифтен шамамен үш есе аз еді. Ал бюджеттік сала ұйымдары 30% аз төлейтін болады.

2015 жылғы 21 шілдеге дейін қаланы жылумен құрылтайшысы – «Қазақмыс» корпорациясы болып табылатын «Абай жылулық желілері» ЖШС қамтамасыз еткен. «Абай жылулық желілері» ЖШС «Абай жылулық желілері» ЖШС құрылтайшысы – «Қазақмыс» корпорациясы. 21 шілдеден бастап «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС ұйымдық нысандағы жаңа кәсіпорны құрылған, оның жалғыз құрылтайшысы – Абай ауданының әкімдігі.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының Абай филиалы директоры Надежда Перегонның пікірінше бюджеттік ұйымдарға кәсіпкерлер қаражатының есебінен тарифтерді азайту жөніндегі ұсынысты өзге ұйым емес, тап осы  әкімдік қарастырған.

«Барлық мемлекеттік шенеуніктер үнемі әлемдегі және біздің еліміздегі ғаламдық экономикалық дағдарыс туралы айтуда, сондықтан да бюджет шығындарын қысқарту керек. Бірақ дағдарыс ең алдымен шағын кәсіпкерлікке әсер етті, себебі бұл сала дағдарысқа дейін де өркендеп тұрған сала емес еді, сондықтан да бизнес өз шығындарын қысқартуы тиіс, ал оларды қалай қысқартса болады? 2015 жылы электр қуатын ұсыну қызметтеріне белгіленген тариф 9%-ға, сумен қамсыздандыру қызметтеріне белгіленген тариф бірнеше ретке көбейген, ал енді жылыту қызметтерінің бағасы да 3 есеге көбейді», – деді филиал басшысы.

Қазіргі кезде кәсіпкерлер РКП ұжымдық өтініш, ал мемлекеттік органдарға сауалдар дайындау үстінде.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер