«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жеке меншік балабақшалар

2016 жылғы 05 Ақпан
- Қарағанды облысы
12465 просмотров

Қарағанды облысында жеке меншік балабақшаларды ашу рәсімі жеңілдеді

Бұдан былай лицензия қажет емес – әкімдікті тиісті қызметті жүргізу жөнінде жазбаша түрде хабардар ету жеткілікті. Осы және өзге де жеңілдіктер жөнінде білім беру саласының өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесуде мәлімдеді.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін көкейтесті сұрақтардың бірі болып қалуда. Балабақшалардағы орынның жетіспеушілігі, әсіресе, Қарағанды мен Теміртау қалаларында қатты байқалады. Білім беру бөлімінің жетекшісі Дулат Жекебаев хабарлағандай, тек облыс орталығының өзінде балабақша кезегін күткен жиырма мыңнан астам балақайлар бар. Сондықтан, шенеуніктер проблеманы бизнеспен ынтымақтаса отырып қана шешуге болады деген қорытындыға келді. Оң тәжірибелер қазірдің өзінде бар – мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің арқасында 2015 жылы жекеменшік балабақшаларға 1052 бала барды. Салыстыратын болсақ, 2014 жылы бұл сан 530 баланы құраған.

Білім беру бөлімінің жетекшісі атап өткендей, осындай балабақшадағы әрбір балаға жұмсалатын төлемақының бір бөлігі, дәлірек айтқанда 17 мың теңгені мемлекет бөледі.

Оған қоса, мектепке дейінгі мекеме ашуға шешім қабылдаған кәсіпкерер үшін санитарлық ережелер жеңілдетілді. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның көмегімен екінші деңгейлі банктерге несие ресімдеу оңайлатылды және жеделдетілді», – деп атап өтті Д.Жекебаев.

Қалада балабақшаларға арналған жер телімдері де бар, дейді ол, кейбір ықшамаудандарда іскер қолдарды күткен дайын ғимараттар да табылады.

Жалпы, кәсіпкерлер мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатынасуға барған сайын көптеп тілек білдіруде. Жеке меншік балабақша ашу  идеясымен танысқаннан кейін, жетпіске жуық бизнесмен оған қызығушылық білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер