«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сервистік қолдау: барлық мәселелер қамтылған

2016 жылғы 05 Ақпан
- Қарағанды облысы
13023 просмотров

ӨКП-ның сервистік қолдауының арқасында кәсіпкерлер 200 млн теңгеге жуық қаражатты үнемдеді

«Бүкіл облыс бойынша– аудан орталықтарында және қалаларда ашылған филиалдарда біз ШОБ-ға кеңес беретін және жобаларды сүйемелдейтін мамандарды жалдадық. Мысалы, ШОБ-тің 211 субъектісіне бухгалтерлік және салық есебін енгізумен, салық және статистикалық есепті тапсырумен байланысты қызметтер көрсетілді. Осындай қызметтердің бір айдағы орташа нарықтық бағасы 30 000 теңгеден басталады. Сөйтіп, 2015 жылдың екінші жартысында кәсіпкерлер тек осы бағытта ғана 37 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеді. Яғни, кәсіпкерлер ақшаны үнемдеумен қоса қаражатты өздерінің дамуына жұмсай алды», – дейді Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов.

Сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқаруды жетілдіруге, оның тиімділігін арттыруға бағытталған және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мамандырылған қызметтердің 8 түрін тегін көрсетуді көздейді. Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне сервистік қолдау көрсетуге республикалық бюджеттен 93 млн теңге мөлшерде қаражат бөлінген.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдың маусым айынан бастап осындай қызметтерді көрсете бастады. Жалпы шамамен бағасы 200 млн теңгені құрайтын қызмет көрсетілген. Маркетинг қызметтері, атап айтқанда, бизнес-жоспарды әзірлеу қызметтері асқан сұранысқа ие.

Жалпы мәліметтер

Осы уақыт ішінде барлығы 2474 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 4000-ға жуық қызметтер көрсетілген, олардың ішінде ЖК – 1712, ЖШС – 500, ШҚ – 258, АҚ – 2, ӨК – 2 қызмет көрсетілген. Яғни, 97,7% қызмет шағын бизнес өкілдеріне көрсетілген.

Көтерме сауда және бөлшек сауда саласында қызмет ететін кәсіпкерлер аса көп кеңес берушілік қызметтерді қажет еткен; олардың саны 1060 (42,8%) құрады. Басқа кеңес алғандардың ішінде: 347-сі (14%) ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы саласында, 267-сі (10,7%). өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететіндер.

Сервистік қызметтерді тұтынушыларға ортақ сипаттама

Сервистік қызметтерді алғандардың ішінде клиенттердің 70%-дан астамы экономикалық белсенді жастағылар (17 жастан 49 жасқа дейінгі кәсіпкерлер), 12%-ы – зейнетке жасына жақын адамдар. Клиенттердің басым бөлігі – ер адамдар – 1292 (52,2%). Қызметтер ең көп мөлшерде Қарағанды қаласында көрсетілген – 1075 ШОБ субъектілері.

Көрсетілген қызметтердің экономикалық тиімділігі

Кедендік мәселелер бойынша сүйемелдеу шеңберінде ШОБ 7 субъектісіне тауарларды алыс шетелдерден, сондай-ақ, Кедендік одақ елдерінен  30 млн. теңгеден астам сомаға импорттау жөніндегі келісімшарттарды жасау барысында көмек көрсетілген.

Жалпы сомасы 928 567 450 теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландыруға жарамды деп мақұлданған, олар жалпы әзірленген бизнес-жоспарлар санының, яғни 185 бизнес-жоспардың 18,4% құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер